Бұл туралы Алматы қаласының №8 емханасының бас дәрігері Фарида Ағыбаева мәлімдеді. Оның айтуынша, індет жалғасуда және қала тұрғындары коронавирустың жаңа агрессивті және белсенді түрде таралуына тап болды. Сондықтан саналы алматылықтар вакцинация арқылы өздерін және жақындарын барынша қауіпсіздендіруге тырысады.

Алматыдағы №8 қалалық емханада үш егу кабинеті және үш көшпелі мобильді бригада жұмыс істейді.

«Жалпы вакцинацияны рұқсаты бар 36 дәрігерден тұратын 6 бригада жүргізеді. Емханада вакцинация портал арқылы жазылу бойынша жүргізіледі egov.kz сондай-ақ кезек тәртібінде, үзіліссіз және демалыссыз сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін», - деді Ф. Ағыбаева.

Вакциналаудың әрбір кабинеті вакциналарды сақтау мен тасымалдаудың санитарлық нормаларының талаптарына сәйкес жабдықталған, вакциналанатын азаматтар үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған.

Күніне егу пункттеріне 300 адам келеді. Бүгінде №8 емханада 37 552 адам бірінші компонентпен, ал екінші компонентпен 35 345 адам екпе алды.

Ф. Ағыбаев коронавирусқа қарсы екпе тегін екенін сондықтан дұрыс шешім қабылдап, толыққанды әрі белсенді өмір сүру керектігін айтты.

Сонымен қатар, №8 емханада КВИ ауруының симптомсыз, жеңіл, орташа түрі бар науқастарды медициналық бақылау бойынша 12 мобильді топ құрылды.

«Мобильді бригадалар барлық қажетті медициналық жабдықтармен жабдықталған. Біздің мамандар биологиялық материалдардың үлгілерін жинайды, емдеуді тағайындайды. Жедел респираторлық ауру белгілері бар және COVID-19-ға күдікті балаларға үйде қызмет көрсетіледі, 08.00-ден 20.00-ге дейінгі кезеңде үйде оқшауланған пациенттерге амбулаториялық бақылау жүргізіледі, ал 20.00 сағаттан кейін пациенттерге 4 санаттағы жедел медициналық көмек көрсетіледі», - деп түсіндірді алгоритмді Ф. Ағыбаева.

Емханада барлық дәрі-дәрмектер жеткілікті мөлшерде, антикоагулянттар көрсеткіштер бойынша тағайындалады және тегін беріледі.

Емделіп шыққан соң №8 емханаға тіркелген пациенттерге оңалту шаралары қарастырылған.

«Бақылау мерзімі адамның жалпы жағдайына байланысты жеке анықталады. Көрсетілімдер бойынша амбулаториялық жағдайларда психологиялық және респираторлық оңалту немесе бейінді стационарда емдеу не оңалту жүргізіледі. Ауыр немесе ауыр халдегі науқастарға, қарт адамдарға, семіздікке шалдыққан пациенттерге, жүкті әйелдерге, қатар жүретін патологиясы бар пациенттерге оңалтудың жеке жоспарлары жасалады», - деп нақтылады Ф. Ағыбаева.

Емхананың бас дәрігері Алматының барлық тұрғындарын бетперде тағуға, адамдармен байланысты азаайтуға, зиянды әдеттерден бас тартуға, созылмалы ауруларды дер кезінде емдетуге, күн сайын таза ауада уақыт өткізуге, күн тәртібін сақтауға шақырды.

Осынау қарапайым шаралар иммундық жүйені нығайтуға және коронавирус инфекциясы мен маусымдық аурулардан сақтануға көмектеседі.