Тәртіпсіздік кезінде азық-түлік өндіретін кәсіпорындар зардап шеккен жоқ. Бүгінде 3 наубайхана (“Ақсайнан"," Алматынан” және “Рузинан") күніне 80 тоннаға жуық әлеуметтік нан шығарады. Бұл ретте өндірілетін өнімнің бағасы бұрынғы деңгейде қалды ("Ақсайнан" – 80 теңге/бөлке, "Алматынан" – 85 теңге/бөлке).
9 қаңтардан бастап бакалея өнімдерінің ірі жеткізушісі "Ас-Ан "фирмасы" ЖШС (күнбағыс майы, қант, тұз, рожки, күріш, арпа, ұн) өнімді сауда желілеріне жеткізуді жаңартты, 10 қаңтардан бастап Бостандық (33 дүкен) және Түрксіб (16 дүкен) аудандарының "үй жанында" 49 дүкенінде жеткізуді бастады.
Сүт өнімдерін өндірушілер ("Солнечный" ЖШС, "АдалСүт" ЖШС және "JLC" ЖШС, "Фуд Мастер" ЖШС, "RG Brands") жеткізілімдерді штаттық режимде жүргізеді.
“Алсад Қазақстан” ЖШС мен "Алатау Құс" ЖШС қоймаларда жұмыртқа қорының жеткілікті көлеміне ие. Бүгінде барлық сауда желілері мен ірі дүкендер жеткізіліммен қамтылған.
Бүгін ӘКК-нің 20 павильоны жұмыс істей бастады, 2 павильон зардап шекті (Жетісу-2, Төле би-Момышұлы көшесі).
9 қаңтарда "Магнум" желісіне келісімшарт жасалған көкөністер көлемін жеткізу жолға қойылды. Қазіргі уақытта азық-түлік тауарларын келесі кәсіпорындар өткізеді: "Ас-Ан” фирмасы" ЖШС, "ЕФК" АҚ (бакалея өнімдері), барлық санаттағы жұмыртқалар ("Алсад Қазақстан" ЖШС және "АлатауҚұс" ЖШС), нан-тоқаш өнімдері ("Ақсай” ТНК" ЖШС, "Алматынан" ЖШС және "Рузинан" ЖШС), сүт өнімдері ("АдалСүт" ЖШС, "JLC" ЖШС, "ФудМастер" ЖШС, "МаслоДел" ЖШС, "Молочный продукция” ЖШС, “Солнечный” зауыты), консервіленген өнімдер ("Прима Дистрибьюшн" ЖШС), ет өнімдерін қайта өңдеушілер ("Беккер и К" ЖШС, "МПЗ Бижан"ЖШС), жылыжай көкөністері ("BRBAPK" ЖШС).
Алматы қаласының тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуді қалпына келтіру жөніндегі қалалық штаб