Сарапшы Алматыда автомобиль санын қалай азайтуға болатынын айтты
Миланның көлік жүйесінің тұрақты сарапшылар кеңесінің мүшесі Федерико Паролотто Италияда қалаларда автомобильдендірудің өсу мәселесін қалай шешетінін айтты.
«Алматыда шамадан тыс автокөлік жүргізу қаупі: жаңа шешімдерді іздеу» атты дөңгелек үстел барысында сарапшы Милан мен Алматыны салыстырып, көбейіп келе жатқан автокөліктен туындайтын ортақ экологиялық мәселелерді анықтады.
«Миланның тәжірибесіне келсек, ақылы автотұрақтарды енгізу және қала орталығында жеке көлікпен жүруді шектеу өте тиімді әдіс болды. Алайда мұндай шектеулерді енгізу үшін тұрғындарға балама нұсқа ұсыну қажет және барлық өзгеріс жүйелі түрде жүргізілуі керек», - деді Федерико Паролотто.