7 ақпан күні сағат 02.00-ден бастап Алматы қаласында қар жауа бастады. Таңғы сағат 07.00-дегі жағдай бойынша қалада 3-5 см, тау бөктері мен таулы аудандарда – 10-12 см қар жауды.
Көктайғақтың алдын алу мақсатында қар жауа салысымен жолдарға көктайғаққа қарсы материалдар себілуде.
611 тонна пайдаланылды.
Тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, қоғамдық орындарды орындарды тазалау бойынша жұмыстар ұйымдастырылды.
Техниканың шығуы 548 бірлікті құрайды, оның ішінде 202 құмшашқыш және 361 жол жұмысшысы.
Таңертеңнен бастап 611 бірлік арнайы техника, 205 құмшашқыш және 1665 жол жұмысшысы жұмылдырылды.
Аудандық әкімдіктер мен мердігер ұйымдарда қар тазалау жұмыстарының өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.
Қазгидрометтің болжамы бойынша аралас жауын-шашынның түсуі үзіліспен күтілуде және күннің екінші жартысында аяқталады. Ауа температурасы бүгін күндіз 0, +2 градус, тұман, көктайғақ.
Алматы қаласының Тұрғын үй саясаты басқармасы