Ауа температурасы күндіз 0...-2, түнде -4...-6. Тұман, жолдарда көктайғақ.

Көктайғақ құбылыстарының алдын алу мақсатында 204 құмшашқыштың кезекшілігі ұйымдастырылады. Қар тазалау жұмыстарына барлығы 624 бірлік арнайы техника мен 1538 жол жұмысшысы жұмылдырылады.

Мұз қатуы болжамына орай жолдың жүру бөлігінде, тротуарларда көктайғақ пайда болуы мүмкін. Сондықтан Тұрғын үй саясаты басқармасы автоәуесқойлар мен жаяу жүргіншілерден сақтық шараларын сақтауды өтінеді.

Жүргізушілерге жылдамдықты төмендетуге, көліктер арасында қашықтықты арттырмауға және кенеттен маневр жасамауға кеңес береміз. Жаяу жүргіншілер тротуарларда жүрген кезде көктайғаққа қатысты қауіпсіздік шараларын сақтаулары тиіс.

Алматы қаласының Тұрғын үй саясаты басқармасы