Оның ерекшеліктері, мақсаттары мен міндеттері туралы Алматы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов айтып берді.
Салалық сарапшылардың пікірінше жаңа кәсіптер мен құзыреттердің атласы қазірдің өзінде сұранысқа ие және жақын арада пайда болатын мамандықтар жинағы.
Қайрат Жұмановтың айтуынша, атлас Алматы қаласының ерекшелігін ескере отырып қалыптастырылатын болады. Әзірлеу нәтижелері бойынша өңір үшін, оның ішінде орта білімнен кейінгі техникалық және кәсіптік Сыныптауышқа енгізілетін болашақ кәсіптері бойынша нақты ұсынымдар берілетін болады.
Қазіргі уақытта Алматы әкімдігі жанындағы мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу, қалыптастыру және орналастыру жөніндегі комиссия қалалық еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтардың тізбесі мен санын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізуде. 30 сәуірден бастап мемлекеттік тапсырыс қарастырылған мамандықтар туралы ақпарат Білім басқармасының сайтында жарияланады.
Спикер сондай-ақ, 2019 жылдың қаңтарынан бастап Алматының 20 мемлекеттік колледжінде жан басына қаржыландыру енгізілгенін, ал 2022 жылдың қаңтарынан бастап тағы 29 жекеменшік колледж мемлекеттік тапсырыс аясында жұмыс істей бастағанын еске салды. Мемлекет басшысының мемлекеттік тапсырысты техникалық мамандықтарға қайта бағдарлау туралы тапсырмасы бойынша биыл студенттердің 60%-ы колледждерге тегін негізде қабылданады.