Халықаралық бьюти-ретейлері атанған «Золотое яблоко» компаниясының логистикалық ауқымы артты. 11 маусымда Алматыда ауданы 9,5 мың шаршы метр болатын тауар тарату орталығының ресми ашылуы өтті. Бұл көрсеткіштің 2022 жылмен салыстырғанда төрт есеге ұлғаюына ықпал етті. Орталықтың салтанатты ашылуына Алматы облысы кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айбол Рақымбаев қатысты.
Қайта жаңғыртудан кейін орталықтың қуаты 45%-ға артты: енді ол күніне 15 мыңға дейін онлайн-тапсырысты өңдеуге қауқарлы. Сәйкесінше, елде 305-тен астам жаңа жұмыс орны ашылады. 2026 жылдың тамызында «Золотое Яблоко» Астанада екінші орталығын ашуды жоспарлап отыр.
Алматы маңындағы ауданы 2,5 мың шаршы метр болатын тарату орталығы 2022 жылы іске қосылған. Орталық бастапқы кезеңде Қазақстандағы үш дүкенді тиісті тауармен қамтамасыз етті. 2024 жылы бьюти-ритейлер орталыққа алғашқы жаңғырту жұмыстарын жүргізді: ауданын 5 мың шаршы метрге дейін ұлғайтып, транзиттік тасымалды өңдеуге арналған өткізу әлеуетін арттырды. Биыл реконструкцияның екінші кезеңі аяқталды: ауданы 9,5 мың шаршы метрге дейін кеңейіп, ең жоғары өткізу қабілеті 45%-ға өсті.

Тарату орталығының (ТО) кеңеюі жеткізу жылдамдығына тікелей әсер етеді. Реконструкцияға дейін орталық күніне 8,5 мың тапсырыс өңдесе, қазір бұл көрсеткіш 15 мыңға дейін жетті. Жаңа өнімдер дүкен сөрелеріне кедергісіз шығарылады. Тауарды қабылдау уақыты 48 сағаттан 36 сағатқа дейін қысқарды. Алматы, Астана және Шымкент қалаларында шаһар ішінде екі сағатта жедел жеткізу (экспресс) қызметі қолжетімді болды. Ал, Астана мен Шымкенттегі дүкендерге небәрі 24 сағат ішінде жеткізіледі.
«“Золотое Яблоко” тарату орталығының кеңеюі — облыс экономикасына тартылған тікелей инвестиция. 300-ден астам жұмыс орнының ашылуы, заманауи логистикалық инфрақұрылымның қалыптасуы, негізгі операциялардың Қазақстан аумағында шоғырландырылуы – ішкі нарықтың тұрақтылығын қалыптастыратын негізгі фактор» — деп атап өтті Алматы облысы кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айбол Рақымбаев.
Жаңартылған тарату орталығында (ТО) 3,4 мың паллеттік орын бар. Сыйымдылығы 6,5 млн дана тауарды құрайды. Айлық тауар айналымы — шамамен 4,5 млн дана. Орталық көлемінің кеңеюі штат қызметкерлерінің санын арттырды. Қазір мұнда 305 адам жұмыс істейді. Гендерлік тепе-теңдік — 50/50. Компания қойма менеджерлерін, ауысым менеджерлерін, бригадирлерді, қоймашыларды, операторлар мен стикерлеушілерді (жапсырма басушыларды) жұмысқа қабылдайды. Жаңа қызметкерлер үшін тәлімгерлік бағдарламасы да қарастырылған. Ал, оқу материалдары заңнама талаптары ескеріле отырып, қазақ және орыс тілдерінде әзірленеді.
«Біз Қазақстанда төрт жылдан бері жұмыс істеп келеміз, бұл біз үшін аса маңызды стратегиялық өңір», — деді «Золотое Яблоко» компаниясының логистика жөніндегі директоры Андрей Голомидов. «Қазірдің өзінде елде бес оффлайн-дүкен жұмыс істейді, бұл біз байланыс орнатқан бірқатар елдермен салыстырғанда басым көрсеткіш. Тарату орталығын кеңейту өткізу қабілетін 45%-ға арттыруға мүмкіндік берді: енді біз тәулігіне 300 мыңнан астам тауар бірлігін өңдей аламыз. Соның арқасында клиенттеріміз елдің барлық өңіріндегі тапсырыстарына бұрынғыдан да жылдам қол жеткізе алады».

Бүгінде тарату орталығы (ТО) қоймалық операциялардың толық циклін жүзеге асырады: жергілікті және бүкіл әлемнен келетін импорттық өнім берушілерден тауарды қабылдау, ЕАЭО Кеден одағының талаптарына сәйкес өнімдерді стикерлеу, дүкендер мен онлайн-тапсырыстар үшін қорларды сақтау, сондай-ақ тауарларды қаптау — қазақстандық желі үшін сыйлық жиынтықтары мен косметикалық сөмкелерді жинақтау. Орталық күн сайын тауарларды «Золотое Яблоко» желісінің Қазақстандағы барлық дүкендеріне жөнелтіп отырады. Тарату орталығына өнімдер серіктес компаниялардың қоймаларынан, соның ішінде Loreal, LVMH, Estée Lauder және басқа да халықаралық концерттерден тікелей жеткізіледі. Сонымен қатар, Алматыдағы бұл тарату орталығы компанияның негізгі транзиттік қоймасы болып табылады. Себебі, бұл жерден тауарлар ішкі нарықтан бөлек, Қытай мен Бірікке Араб Әмірлігіне де жөнелтіледі.
2026 жылдың тамызында «Золотое Яблоко» Қазақстандағы екінші тарату орталығын ашуды жоспарлап отыр. Ол Астана қаласында орналаспақ. Ауданы 5 мың шаршы метрді құрайды. Жаңа нысан Солтүстік және Шығыс Қазақстан өңірлері үшін онлайн-тапсырыстарды жеткізу мерзімін қысқартуға ықпал етеді.
Компания туралы
«Золотое Яблоко» — халықаралық көпарналы бьюти-ритейлер. Компания Қазақстанда бес дүкен ашты. Оның үшеуі Алматыда, біреуі Астанада, тағы біреуі Шымкент қаласында орналасқан. Қазақстан тұрғындары тауарларға сайт пен қосымша арқылы да тапсырыс бере алады. Таңдалған тауарлар елдің кез келген өңіріне жеткізіледі. «Золотое Яблоко» дүкендерінде масс-маркеттен бастап люкс санатқа дейінгі бүкіл әлемнен жиналған 1 300-ден астам бренд ұсынылған: сәндік және күтім косметикасы, парфюмерия, үйге арналған тауарлар, аксессуарлар, техника және т.б. Компания ассортиментінде ондаған қазақстандық брендтер бар. Мысалы, Parfum De Vie, Genome, TruNomad, Beautyproff және т.б.
Назира Бурханова