Жыл сайынғы алдын алу іс-шаралар қаладағы қолайлы эпизоотиялық жағдайды сақтау, сондай-ақ аса қауіпті, оның ішінде, адамдар мен жануарларға ортақ аурулардың таралуын болдырмау үшін жүргізілетінін Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының ШЖҚ «Қалалық ветеринариялық қызметі» КМК-ның баспасөз қызметі хабарлайды.
2022 жылға құтыруға қарсы 36000 бас ит пен 8000 мысыққа вакцинация егу жоспарланып отыр.
Құтыру – бұл құтыру вирусы (Rabies virus) тудыратын табиғи-ошақты өлімге әкеліп соғатын аса қауіпті жұқпалы ауру. Ауру жануар қауып алған кезде, оның сілекейі арқылы жұғады. Сонан соң нерв жолдары арқылы тарала отырып, вирус сілекей бездеріне, ми қыртысының жүйке жасушаларына, гиппокампқа, бульбар орталығына жетеді де, оларды зақымдай отырып, өлімге әкеліп соғатын ауыр бұзушылықтарды тудырады.
Осыған байланысты, аталған аурудың алдын алу жұмысы қала билігінің ерекше бақылауында тұр. Соңғы отыз алты жыл ішінде Алматы қаласының аумағында адамдардың құтыру ауруын жұқтырған жайттары анықталмады, бұл құтыруға қарсы жүргізілген алдын алу іс-шараларының тиімділігін білдіреді.
Сондай-ақ, осы жылы эхинококкозға қарсы тоқсан сайынғы 44 000 үй жануарын (36 000 ит пен 8000 мысықты) гельминтсіздендіру жоспарланып отыр.
Эхинококкоз – бұл бауырда, өкпеде немесе басқа да органдар мен терілерде паразиттік кисталардың пайда болуымен сипатталатын цестодоз тобының гельминтозы. Қоздырушысы Echinococcus granulosus эхинокогының өсетін, дамитын және адам организмінде ондаған жылдар бойы өмір сүретін личинкалық кезеңі болып табылады, ол іші сұйықтыққа толған дөңгелек немесе сопақ киста түрінде болады.
Инвазияның негізгі көзі – иттер, сондай-ақ ауылшаруашылығы жануарлары – шошқалар, сиырлар, жылқылар және тағы басқа жануарлар болып табылады. Жетілген жұмыртқалар жануарлардың нәжістерімен бөлінеді, сөйтіп олардың жүндері мен қоршаған ортаны ластайды. Адамның ауруды жұқтыруы ауру жануармен байланыста болған кезде, яғни жемістер мен шөптерді жинау, гельминт көздерінің жұмыртқаларымен ластанған суды пайдалану кезінде болады.
Алматы тұрғындарына ыңғайлы болу үшін ветеринарлық қызметпен аулалық айналым аясында құтырмаға қарсы екпе және эхинококкозға қарсы дегельминтизация жұмыстары тегін жүргізуде.