2022 жылы тегін чиптеу бағдарламасы бойынша 15 000 ит пен мысықты қамту жоспарланып отыр. Бұл іс-шара қала аумағындағы үй жануарларының есебін жүргізуге және құтыру ауруына қарсы екпе мен дегельминтизация шараларын тиімді жоспарлауына ықпал ететінін Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының ШЖҚ «Қалалық ветеринариялық қызметі» КМК-ның баспасөз қызметі хабарлайды.
Чиптеу – бұл жануарларды электрондық бірдейлендіру, ол бірегей жеке 15 таңбалы саннан тұратын нөмірді қамтитын жануардың терісінің астына енгізілетін микрочип және ол өмір бойы жануардың өзімен бірге қалады.
Чиптеудің нәтижесінде қазіргі уақытта Алматы қаласында 136 246 үй жануары (90 035 ит, 46 319 мысық) ресми тіркелген.
Деректер қорына иесі, оның жануары және микрочип нөмірі туралы ақпарат паспортына жануар туралы ақпаратты міндетті түрде енгізу келешекте үй жануарларының есебін жүргізу жұмысын толық белсенді етуге мүмкіндік береді.
Қалалықтарға ыңғайлы болу үшін, жоғарыда аталған барлық іс-шараларды ветеринариялық қызмет жұмысшылары аула ішілік тексеру жүргізу кезінде тегін жүзеге асырады.