Түрксіб ауданының Маяк шағын ауданында және Желтоқсан саябағында, сондай-ақ Есентай өзенінің жағалауында қала тұрғындарының демалуы үшін жаңа орындар құрылуда.
Қоғамдық кеңістікті дамыту туралы Алматы қаласы экология және қоршаған орта басқармасы басшысының орынбасары Ұлан Абдулдаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде мәлімдеді.
Алматы қаласында барлығы 211 қоғамдық нысан (саябақтар, жағалаулар және т.б.), сондай-ақ 4 табиғи аймақ («Медеу» МАТП, «Баум» тоғайы, «Іле Алатау» МҰТП – 12 219 га, Ботаникалық бақ) бар.
Спикердің айтуынша, қала шекарасының кеңеюіне, көлік инфрақұрылымының белсенді дамуына және тұрғын үй құрылысына, сондай-ақ халық санының өсуіне байланысты жаңа қоғамдық аймақтарды ұйымдастыруға қажеттілігі туындап отыр.
Қалада бірінші кезекте қаланың төменгі бөлігінде жаңа қоғамдық жасыл аймақтар құрылуда.
Бұл ретте жаңа саябақтар мен алаңдарды жабдықтау бойынша 10 жоба әзірленуде. ЖСҚ әзірлеуге қаражат бөлуге өтінім берілді.
Жалпы ауданы 206,6 гектарды құрайтын жаңа демалыс аймақтарын құру үшін ЖСҚ әзірленуде. Сайран көлінің жағасында жаңа қоғамдық аймақ құрылады, сондай-ақ Баум тоғайы абаттандырылады.
2022 жылдың соңына дейін Алматыда төрт жаңа саябақ алаңы құрылып, 4 саябақ қайта қалпына келтіріледі.