Алматыда 15 ақпанға дейін ауған ардагерлеріне 100 мың теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек көрсетіледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Ауғанстандағы соғыс ардагерлері мен мүгедектерін үйлестіру кеңесінің төрағасы Мұрат Әбдішүкіров айтып берді.
Алматыда қазір Ауған соғысының 2389 ардагері тұрады, олардың 1100-і мүгедек.
«Алматы әкімдігі ардагерлерді қолдайды және 15 ақпан қарсаңында және 9 мамырға қарай интернационалист жауынгерлер 100 мың теңгеден алады», - деді М.Әбдішүкіров.
Ол Ауған соғысының ардагерлері медициналық көрсеткіштері бойынша санаторий-курорттық ем ала алатынын айтты. Қазір квота жылына 170 жолдамаға дейін ұлғайтылды.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылы Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толады. Осыған орай, 2024 жылғы 15 ақпанда сағат 11:00-де 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында Ауғанстанда қаза тапқан алматылықтарға мәңгілік алау мен ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімін өткізеді.