«Қазақстан Мұғалімі» 2024 Ұлттық Сыйлығына (National Teacher Prize Kazakhstan) қатысуға өтінімдерді қабылдау жақын арада аяқталады! Осы жылы Сыйлық 20 миллион теңгені құрайтын рекордтық жүлде қорын ұсына отырып жаңа деңгейге шығады. Бұл бірегей іс-шара мұғалімдердің көрнекті жетістіктерін атап өтуге, шығармашылық əлеуетін ынталандыруға жəне бүкіл Қазақстан бойынша оқытудағы жаңа құзыреттер мен мүмкіндіктер қалыптастыруға арналған.

Жүлде қоры жəне марапаттар

Сыйлықтың басты жəне ең үлкен сыйлығы – Ұлттық Сыйлықтың Жеңімпазы алатын 10 000 000 теңге. Сондай-ақ финалға өткен 10 қатысушы 1 000 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болады.

Жалпы сомасы 20 миллион теңге құрайтын жүлдеден бөлек, ТОП-10 финалист 1 миллион долларлық жүлде қоры бар «Əлем Мұғалімі» (Global Teacher Prize) Жаһандық сыйлығына үміткер бола алады. Финалистер сонымен қатар əлемдік білім беру қауымдастығымен өз əдістері мен инновацияларын бөлісуге мүмкіндік беретін медиа тарапынан кең қолдауға ие болады.

ТОП-50 финалист Teachers’ Summit халықаралық іс-шарасына жəне «Қазақстан мұғалімі 2025» Ұлттық Сыйлығын марапаттау рəсіміне шақырылады. ТОП-10 финалист «Əлем Мұғалімі» Жаһандық сыйлығының жеңімпаздары мен финалистерімен, сондай-ақ білім саласындағы жетекші халықаралық сарапшылармен бірге шығады.

Финалистер кəсіби дамуға жəне қосымша оқуға көмектесетін бағалы сыйлықтарға ие болады. Бұған оқыту сертификаттары, мамандандырылған білім беру платформаларына жазылу жəне одан əрі педагогикалық қызметінде көмектесетін материалдар кіреді.

Мұғалім мəртебесін мойындау, мадақтау жəне көтеру, кəсіби өсуге мүмкіндіктер жəне жаһандық деңгейде əсер ету мүмкіндігі – «Қазақстан Мұғалімі» Ұлттық Сыйлығының финалистерін күтетін нəрселер.

Кім қатыса алады?

Бастауыш жəне орта мектептің əрбір мұғалімі Сыйлыққа қатысып, еліміздің үздік мұғалімдерінің қатарына қосылу мүмкіндігіне ие бола алады. Үздіктердің үздігі, ТОП-10 мұғалім «Əлем мұғалімі» 2024 Жаһандық Сыйлығына үміткері атанып, əлемдік деңгейге өтеді.

Қатысуға қашан жəне қалай өтініш беру керек?

Өтінім беру 2024 жылдың 22 сəуірінен 22 маусымына дейін ашық болады. Қатысу үшін əрбір үміткер Сыйлық сайтындағы https://www.teachers-summit.org өтінім формасын толтырып, бейнеролик жəне шығармашылық эссе бекітуі керек.

Сондай-ақ, комиссияның іріктеуінен өту үшін қатысушылар келесі шарттарға сай болуы керек:

  • кемінде үш жыл жұмыс тəжірибесінің болуы;

  • алдағы 5 жыл ішінде оқытушылық қызметте қалуды жоспарлау;

  • 5 жастан 18 жасқа дейінгі балаларды оқытатын мемлекеттік немесе жеке мектепте, колледжде немесе қосымша білім беру жүйесінде мұғалім болу;

  • Балаларды бетпе-бет оқытуға аптасына кемінде 10 сағат уақыт өткізу;

  • осыған дейін Сыйлық жеңімпазы болмау;

  • осыған дейін Сыйлықтың ТОП-10 финалист қатарында болмау.

Толығырақ ақпарат Сыйлық сайтындағы байқау ережелері бекітілген.

Бұған дейін Қазақстан мұғалімдері əлемнің ТОП-50 мұғалімінің қатарына екі мəрте енген еді, енді еліміз межені бұдан да жоғары көтеруге дайын. Биылғы Жүлде Қоры рекордтық 20 миллион теңгені құрап, бұл шараның маңызы мен мəнін айқындайды.

Биылғы жылы «Қазақстан Мұғалімі» Ұлттық Сыйлығының басты ұйымдастырушысы Inclusive Development Foundation корпоративтік қоры болып табылады. 2024 жылдың 5 наурызынан бастап, Варке Қорымен келісілген меморандумға сəйкес, ол Global Teacher Prize бен Оқу-ағарту министрлігі қолдайтын біздің ұлттық сыйлықты ресми түрде таныстырады. Сыйлықтың серіктестері «Bilim Land» ЖШС, Абай атындағы ҚазҰПУ, KinoPark жəне Tiger Films, Global Nomad education.

Hi-Tech