Шомылу маусымы жыл сайын 1 маусымнан басталады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Әнуар Юсупов мәлімдеді.
Алматы қаласында және тау бөктеріндегі аудандарда 44 су айдыны (өзендер, көлдер, каналдар, тоғандар) бар, олардың 9-ы шомылу маусымы кезінде халық үшін қауіпті:
- Шаңырак және Дархан шағын аудандарындағы Үлкен Алматы өзені – Алатау ауданы;
- Дархан ықшам ауданындағы Үлкен Алматы өзені – Алатау ауданы
- Үлкен Алматы өзені (Әл-Фараби-Науаи) – Бостандық ауданы;
- Кемел ықшам ауданындағы Первомайские пруды – Жетісу ауданы;
- Кіші Алматы өзені(Бутаковкаға бұрылатын жерде) – Медеу ауданы;
- Юннатское көлі– Медеу ауданы;
- Ақсай өзені – Наурызбай ауданы;
- Әуежай көлі – Түрксіб ауданы;
- Қарасу өзенінің саласы (Шестуха) – Түрксіб ауданы.
Алматы қаласы әкімдігімен суда жаппай демалуға арналған 4 орын анықталды:
- Сайран көлінің батыс және шығыс бөлігі;
- Д.Қонаев атындағы ҮАК бойындағы «Гүлдер» демалыс аймағы мен «Баум тоғайы» жағажайы.
«Алайда Сайран көлінде іргелес аумақты абаттандыру жүргізілуде, жұмыстарды аяқтау 2025 жылдың мамыр айында жоспарланған. Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналын гидротехникалық құрылыстармен күрделі жөндеуге байланысты ағымдағы жылы каналды сумен толтыру жоспары жоқ», - деді Әнуар Юсупов.
ӨКҚ спикері атап өткендей, жазғы демалыс кезеңінде қауіпсіздік мәдениетін арттыру мақсатында білім басқармасымен бірлесіп қала мектептері арасында «Қауіпсіз су» қауіпсіздік акциясы өткізілді (жоспар бекітілді), оған сәйкес барлық оқушылар арасында эссе, сурет, қабырға газеттері конкурстары, тақырыптық сызғыштар, сондай-ақ «Қауіпсіз су» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында Департамент полиция қызметкерлерін, РЖҚЖ құтқарушыларын, сондай-ақ еріктілерді тарта отырып, рейдтік іс-шаралар өткізеді.
Қазіргі уақытта Департамент БАҚ арқылы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде, барлық білім беру, денсаулық сақтау объектілерінде, адамдар көп жиналатын орындарда (СОО, СҮ, ХҚКО, вокзалдар, метрополитен, кинотеатрлар), сондай-ақ Алматы қаласының жолдары бойында орналасқан смартбордтар мен LED-экрандарда бейнероликтер көрсетілуде.
Сонымен қатар, шомылу маусымы аяқталғанға дейін күніне екі рет мемлекеттік және орыс тілдерінде «АспанФМ», «Еуропа Плюс Қазақстан» және «Народное радио» радиоарналарында «Судағы қауіпсіздік ережелері» тақырыбында аудиожазбалар таратылады, «Almaty tv» арнасында күн сайын «Судағы қауіпсіздік ережелері» тақырыбында бейнеролик көрсетіледі.
Алайда, жүргізіліп жатқан профилактикалық іс-шараларға қарамастан, шомылу маусымы басталғанға дейін Дархан ш / а Үлкен Алматы өзенінде оқыс оқиға орын алды.
Жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін қарапайым ережелерді сақтау қажет:
- балаларды судың жанында қараусыз қалдырмау;
- тек жабдықталған жағажайларда және ресми рұқсаты мен құтқару қызметі бар шомылуға арналған басқа жерлерде шомылу;
- жүзе алмайтын болсаңыз, белден жоғары келетін суға түспеу;
- шомылу кезінде бір-бірін көзден таса қылмау;
- қалқымалар мен қоршау белгілерінен, жағадан алыс жүзбеу;
- қайықтардан, көпірлерден және айлақтардан суға секірмеу;
- түнде шомылуға болмайды.
Алматы ТЖД қала тұрғындары мен қонақтарына су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтауды, сондай-ақ тыйым салынған жерлерде шомылмауды ұсынады.