Алатау ауданында көгалдандырудың арқасында Қарағайлы орман мен Зерделі саябағы пайда болды
Алатау ауданының әкімдігінде қоршаған ортаға зиян келтірмеу тұжырымдамасын ұстанады. Аудан әкімі Азамат Қалдыбековтың айтуынша, жергілікті атқарушы органдар мердігерлік ұйымдармен бірлесіп, азаматтардың өмір сапасы мен денсаулығын жақсарту үшін күш біріктіруде.
Әкімнің айтуынша, ауданды көгалдандыру мен абаттандыруға көп көңіл бөлінеді.
«Биыл 640-тан астам ағаш отырғызылды. Күзде тағы 3000 көшет егу жоспарлануда. Жалпы, жоба аясында Алатау ауданында 130 мыңға жуық ағаш отырғызу жоспарланған», - деді Азамат Қалдыбеков.
Айта кетейік, аудан бойынша 170 мың ағаш отырғызылды, соның арқасында Қарағайлы орман және Зерделі саябағы пайда болды. Екі саябақ арасында жаяу жүргіншілер аймағын салу жоспарлануда. Азамат Қалдыбеков жасыл желектерді жаңартып, кеңейтуді жалғастыратындарын атап өтті.
Жалпы, Алматы қаласының аумағында биыл 1 миллион ағаш егу жоспарланған, бұл мегаполисті одан әрі гүлденіп, өмір сүруге жайлы етуге мүмкіндік береді.