Қазіргі адам өміріндегі ең үлкен жетіспейтін құндылықтардың бірі – уақыт. Біз бәрін жоспарлауға үйрендік: кездесулерді алдын ала белгілейміз, күн тәртібімізді реттейміз, қадамымызды санаймыз, өнімділігімізді бақылап жүреміз. Бірақ осы қарбаластың арасында шын мәнінде тоқтап, тынығып, өзімізге көңіл бөлу барған сайын қиындай түсуде.

Сондықтан да бүгінде монша мәдениеті жаңа кезеңді бастан өткеріп жатыр. Ол енді тек дәстүрлі рәсім емес, адамның денесі мен жанын қалпына келтіретін, өзіңе уақыт бөлудің заманауи тәсіліне айналуда.

Алматыда осы философияны ұсынатын жаңа ерекше орын ашылды.

«Сказки» Соколов моншалары – дәстүрлі монша мәдениеті мен заманауи wellness ұғымын біріктірген премиум деңгейдегі жаңа кешен.

Мұнда келген адам өзін бірнеше сағатқа ғана демалуға келгендей сезінбейді. Керісінше, қаланың қарбаласын артқа тастап, тыныш табиғи мекенге, асықпайтын ерекше әлемге тап болғандай әсер алады.

05072026 2

Кешеннің атмосферасы алғашқы қадамнан-ақ сезіледі. Табиғи ағаш, жылы реңктердегі тас, жұмсақ жарық, балғын шөптердің хош иісі және судың баяу сыбыры – мұның барлығы адамды күнделікті күйбеңнен алыстатып, ішкі тыныштыққа жетелейді.

Мұнда ең маңыздысы – уақыттың қалай өткенін байқамай қалу. Себебі «Сказки» тек демалатын орын емес, адамның өзін қайта сезінетін кеңістікке айналған.

Ыстық будан кейін бассейнге түсу ерекше сергектік сыйлайды. Су денедегі кернеуді басып, жеңілдік береді, тынысты реттеп, ойды жинақтауға көмектеседі. Бұл жерде бассейн моншаға қосымша элемент емес, толыққанды қалпына келу тәжірибесінің бір бөлігі.

Ал кешеннің басты ерекшелігі – парение рәсімі.

«Сказкиде» буға түсу дәстүрі жаңа деңгейге көтерілген. Тәжірибелі пар-шеберлер әр қонақтың ерекшелігін ескеріп, жеке тәсіл ұсынады. Температураның дұрыс таңдалуы, шөптердің табиғи хош иісі, емен мен қайың сыпыртқылары және ыстық будың үйлесімі – мұның бәрі ерекше әсер қалдыратын тұтас рәсімге айналады.

Бұл жерде басты назар сыртқы әсерге емес, адамның ішкі күйіне аударылады.

05072026 4

Қонаққа ұсынылатын шайдың дәмі, жайлы кафе атмосферасы, қызметкерлердің ұқыптылығы – барлығы демалысты толық сезінуге мүмкіндік береді.

Кейде адамға тыныштық керек екенін, кейде жылы әңгіме мен кеңес қажет екенін сезіну – нағыз сервистің белгісі.

Осындай ұсақ көрінетін, бірақ маңызды детальдар кешеннің басты құндылығын қалыптастырады.


Шілде айының алғашқы күнінде өткен кешеннің ресми ашылуы да дәл осы атмосфераға сай ұйымдастырылды. Музыка, жанды өнер көрсетілімдері, кеңістікті таныстыру, банна рәсімдерімен танысу және қонақтармен жылы қарым-қатынас – барлығы ресми шарадан гөрі жақын адамдардың бас қосуына ұқсас ерекше кеш сыйлады.

Артық пафоссыз, бірақ маңызды бір сезіммен: Алматыда көптен күткен жаңа демалыс орны пайда болғандай әсер қалдырды.

Жобаның негізін қалаушы Артём Соколов үшін «Сказкидің» ашылуы – бірнеше жылдан бері дамытып келе жатқан заманауи банна мәдениеті идеясын жалғастырудың маңызды кезеңі.

«Бұл кешенді жасағанда біз тек кеңістік туралы емес, ең алдымен осы жерге келетін адамдардың қандай күйде болатыны туралы ойладық. Біздің мақсатымыз – қонақтар бұл жерден тынышталып, жеңілдеп, жақсы көңіл күймен шығуы. Монша – асықпай, гаджеттерсіз және үнемі дайын болу қажеттілігінсіз күш жинайтын ерекше орын. Бүгінде дәл осындай демалыс – нағыз құндылыққа айналып келеді», – дейді Артём Соколов.

Бүгінде «Соколовские бани» бренді бірнеше жобаны біріктіріп, дамуын жалғастыруда. Алайда ең басты мақсат өзгеріссіз қалуда – Қазақстанда заманауи монша мәдениетін қалыптастыру.

05072026 3

Бұл мәдениетте монша сирек кездесетін ерекше оқиға ғана емес, күнделікті өмірдің табиғи бөлігіне айналады. Ол спортпен айналысу, дұрыс ұйқы немесе таза ауада серуендеу секілді өзіңе деген қамқорлықтың бір түрі.

«Сказкиде» өткізген бірнеше сағаттан кейін есте қалатыны тек әдемі интерьер, бассейн немесе пар-шеберлердің кәсібилігі емес.

Ең бастысы – сезім.

Ұзақ уақыттан кейін алғаш рет еркін тыныстағаныңды сезіну.

Бірнеше сағаттың тек өзіңе тиесілі болғанын түсіну.

Кейде алға жылжу үшін ең дұрыс шешім – бір сәтке тоқтап, өзіңе уақыт бөлу екенін ұғыну.

Бәлкім, дәл осы сезім үшін адамдар «Сказкиге» қайта-қайта оралатын шығар.

Назира Бурханова
Фотосуреттің авторы: Дәулет Әленов