Өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн-брифингі барысында Қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов Алматыда оқушы орындарының тапшылығы қалай шешілетінін айтып берді. Оның айтуынша, жыл соңына дейін Алматыда 12 600 орындық 8 жаңа мемлекеттік мектеп салынады. Оның 5-і Алатау ауданында бой көтереді.

Қалалық білім басқармасының өкілі Қайрат Жұманов мектептердің жоқтығынан оқушыларға басқа жалпы білім беру мекемелеріне баруға тура келгендігі жөнінде мысалдар келтірді. Бұл "Дархан" шағын ауданында болған. Жергілікті биліктің бірлесіп күш салуы арқасында бұл мәселе 1500 орындық мектеп құрылысының арқасында шешілетін болады. Осыған ұқсас жағдай "Томирис"шағын ауданында болды. Қазір мұнда 1500 орындық жаңа мектеп салынуда.

Қ.Жұманов Рахат-Мәдениет шағын ауданындағы № 196 мектепте үш ауысым болғанын хабарлады. Мұндағы оқушылар контингенті жобалық қуаттан асып түсті. Бұл мәселе 1500 орындық тағы бір мектеп құрылысының арқасында шешіледі. Осы мектептің аумағында болашақта мемлекеттік балабақша салынады. Сонымен қатар, Түрксіб ауданының "Қайрат" шағын ауданында 1500 орындық тағы бір мектеп ашылады.

Жаңа мектептер салу туралы айта келе, спикер жобаларды әзірлеу кезінде шет елдердің тәжірибесі ескерілетінін атап өтті.

"Жаңа мектептер өзінше бірегей, оларда барлығы құрылымдалған, бастауыш сыныптарға, орта буынға және жоғары сыныптарға арналған блоктар бар. Олар сыртқы және ішкі жағынан жаңа көрінеді. Құрылыс кезінде заманауи экологиялық материалдар пайдаланылады", - деді Қ.Жұманов.

Мектеп ғимараттары ортақ пайдаланылатын аймақтары бар бөлек оқу блоктарынан тұратын болады, бір ауысымда 1500-ден 1800-ге дейін бала оқитын болады.

Сондай-ақ, Қ.Жұманов жаңа корпустар салу арқылы бірқатар шамадан тыс жүктелген мектептерді кеңейту туралы айтты. Қазіргі уақытта мектептерге 17 жаңа корпус салынуда, олардың есебінен 8 мыңнан астам жаңа орын құрылатын болады.