Бостандық ауданының әкімінің аппараты және «Атамекен» Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының Бостандық ауданының филиалы, ағымдағы жылдың мамыр айының 25 жұлдызынан бастап «QAMQOR» акциясының басталуы туралы хабарлайды.

Акция аясында, короновирустік инфекцияға қарсы вакцина алған қала тұрғындары мен қонақтарына кәсіпкерлер тарапынан вакцинация төлқұжатын көрсеткен азаматтарға, сан түрлі тауарлар мен қызметтерге жеңілдіктер жасалатын болады.

Қазіргі таңда, Алматылықтарға короновирусқа қарсы үш түрлі вакцина ұсынылады, олар: отандық «QazVac», ресейлік «Спутник V» және қытайлық вакцина «Синофарм». Сонымен қатар, оңтүстік астанамызда 212 екпе егу орталығы ашылып, емханаларда, сауда ойын-сауық орталықтарында, мектеппен қоса базарларда орналасқан.

Аталмыш акцияға, әзірге Бостандық ауданының 9 кәсіпкерлерлік объектісі қатысуда, және жақын уақытта аталмыш тізім толықтырылып тұратын болады.

  • «KINOPARK 5» кинотеатры, (Тимирязев көш., 42) «Atakent Mall» ОСО – жеңілдік / 20%
  • «Brooklyn Fitness gym» фитнес орталығы, (керемет ықшам ауданы, 7) - жеңілдік / 20%
  • «Траснформа» перформативтық өнер театры, (Байзаков көш, 280) - жеңілдік / 5%
  • «Almaty Doner» кафесі, (Абай даңғ., 34) - жеңілдік / 10%
  • «GAME ON» компьютерлық клубтар желісі, (керемет ықшам ауданы, 7); (Розыбакиев көш., 111); (Бухар жырау көш., 27/5, блок 1) - жеңілдік / 20%
  • «Coffee and parfait bar» кофейнясы, («Esentai Mall» ОСО , 4 этаж) - жеңілдік / 20%
  • «Асем тау» демалыс аймағы, (Алмарасан шатқалы) - жеңілдік / 10%
  • «Tsarskaya» қоғамдық моншасы, (Розыбакиев көш., 187) -жеңілдік / 10%
  • «METRO» ойын-сауық орталығы / боулинг, бильярд, картинги, караоке), (Жандосов даңғ., 2б) - жеңілдік / 10%

​Осылайша, аудан кәсіпкерлері короновирустік инфекциямен күрес жолында, өзіндік үлесін қоса отырып, еліміздің барша кәсіпкерлерін аталмыш акцияны қолдауға шақырады.