Эпидемиологиялық ахуалдың біртіндеп тұрақтануына орай ковидтік стационарлардың қызметтерін атқарған ауруханалар қалыпты жұмыс режимдеріне көшуде.
Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаевтың айтуынша, мегаполисте коронавируспен ауырған науқастарды ауруханаға жатқызу төмендеген. Нәтижесінде №1 перзентхана мен екі аурухана қалыпты жұмыс режимдеріне оралды.
Н. Табынбаев осы аптада 1 маусымнан бастап жедел медициналық жәрдем көрсету ауруханасы мұқият дезинфекциялаудан және емдеуден кейін бұрынғыдай жұмыс істейтіні туралы бұйрық шыққанын айтты.
Сонымен қатар, соңғы ковидті науқастар Қорғаныс министрлігінің ауруханасынан да шығарылады. Сондай-ақ, Halyk Arena-да орналасқан жұқпалы аурухана және қайта жасақталған ауруханалар, оның бірі – Теміржол емханасы, №1 Қалалық клиникалық аурухана және Қалалық кардиологиялық орталық коронавируспен ауыратын науқастарды күту жүйесінен алынады.
Н. Табынбаевтың айтуынша, бүгінде инфекциялық ауруханалардың жұмыспен қамтылуы 31,4% құрайды.
«Уақытша ауруханалар түріндегі қолда бар резервті және қаладағы коронавирустық төсектердің жартысына жуығын ескере отырып, біз медициналық мекемелерді ковидтен алып тастау туралы шешім қабылдадық. Алматыдағы ауруханалар бұрынғы жұмысына оралады. Олар жұқпалы емес аурулары бар пациенттерді өздерінің профильдеріне сәйкес қабылдайтын болады», - деді Н. Табынбаев.
Бүгінде 2035 адам ковидтік ауруханаларда жатыр. Жалпы, қаланың жұқпалы аурулар ауруханаларындағы төсек сыйымдылығы 5 940 кереуетті құрайды. Бүгінде үйде, алғашқы медициналық-санитарлық көмек және мобильді топтардың қадағалауымен 2 198 науқас бар, оның 306-сы симптомсыз, 1892-сі жеңіл және 90-ы орташа ауырлық дәрежесінде. Стационарлық науқастардың жалпы санынан 360 жұқпалы аурулар ауруханаларынан одан әрі бақылау және амбулаториялық жағдайда оқшаулау үшін шығарылды.
Н. Табынбаев денсаулық сақтау жүйесі вакцинация науқанына үлкен үміт артып отырғанын баса айтты. Бүгінгі күні 290 мыңнан астам адамға вакцина егілді.
«Бүгін коронавирусқа қарсы вакцинаны кез-келген клиникаларда, ауруханаларда, сондай-ақ сауда және ойын-сауық орталықтарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, базарларда алуға болады», - деді Н. Табынбаев.
Алматы қаласы бас дәрігерінің айтуынша, әлемдегі миллиондаған адамдар коронавирустық вакцинаны сенімді және қауіпсіз қорғаныс ретінде таңдаған. Сондықтан, қазақстандықтарға да әдеттегі өмір салтына оралу үшін осы тәжірибені ұстану қажет.