Жетісу ауданының әкімі Гульнара Кокобаеваның инстаграм парақшасында COVID 19 қарсы вакцинаның бірінші компонентін қабылдаған тұрғындар арасында лоторея ойнатылатыны туралы пост жарияланды. Осылайша жергілікті атқарушы билік Алматы қаласында жаппай вакцинациялауды насихаттауды көздейді.

Жетісу ауданының әкімдігіндегілер осындай лоторея халықтың вакцинацияға деген қызығушылығын арттырады деп үміттенеді.

«Лотореяға қатысуға ниеттілер Жетісу ауданындағы вакцинация орталықтарында 2021 жылдың 29 мамыры мен 4 маусымы аралығында вакцинаның бірінші компонентін салдыруы қажет. Ұтыс қорытындысы сенбі күні, 5 маусымда шығарылады», - деп хабарлады әкімдік өкілдері.

Атап өтетін жайт, жеңімпаз жалғыз емес, 21 адам болатындықтан халықтың қатысуға деген ынтасы зор. Вакцина салдырғандар арасында Samsung Galaxy S21 телефоны, сонымен қатар Samsung A32 смартфоны,
Samsung Galaxy Buds live құлаққабы, тоңазытқыш, тау велосипеді секілді 5 қосымша сый, бұдан бөлек 16 ынталандыру сыйлығы ойнатылады.

Ұтыс 5 маусымда сағат 12.00-де Гульнара Кокобаеваның инстаграмдағы @kokobayeva_gulnara парақшасында өтеді.

Айта кететін мәселе, алматылық эпидемиологтар COVID-19 қарсы екпе эпидемияға тосқауыл қоятын ұжымдық иммунитеттің қалыптасуында маңызды рөл атқаратынын айтуда. Вакцинацияға қарқын беру үшін Алматыда екпе салдырғандарды ынталандыру ісі жүріп жатыр.

1 маусымда қаладағы 2 сауда-сауық орталығында ұялы телефондар, тұрмыстық техника, ресторанға сертификат, сондай-ақ жеңілдік карталары ойнатылды. Мұндай тәжірибе АҚШ, Еуропа және Ресейде бар.