Алматылық дінтанушы әлемдік діндер өкілдерінің COVID-19-ға қарсы вакциналануға қалай қарайтындары туралы айтты
Алматы қаласы Дін істері басқармасы ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, философия ғылымдарының докторы Гүлнар Жұманова Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде ислам, православие, католицизм және буддизмнің рухани көшбасшыларының вакциналануға қатысты көзқарастарын түсіндірді.