Алматы әкімдігі ШОБ-пен жалға алу төлемдерін тоқтату туралы 350 қосымша келісім жасады
Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасының басшысы Серік Ибраев шағын және орта бизнес үшін республикалық және муниципалды нысандарда жылжымайтын мүлікті жалдау ақысын тоқтата тұру туралы ел Президенті тапсырмасының қалай орындалып жатқаны туралы айтты.