Алматыда құтқарушылар шомылу маусымы басталғалы 10 адамды құтқарды
Осы жылы қалада суға шомылу маусымында, құтқарушылар 10 адамды (оның ішінде 4 баланы) құтқарды. Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы, подполковник Исхар Савазовтың айтуынша, мұндай жағдайлар көбінесе қауіпсіздік ережелерін елемеуден болады.