Алматыда сәуірден бері Ashyq-та «қызыл» мәртебесі бар 387 тұрғынға айыппұл салынды
Алматыдағы Ashyq жобасының арқасында 28 сәуір мен 15 тамыз аралығында қалада «қызыл» мәртебесі бар 387 тұрғынға айыппұл салынды. Олардың барлығы коронавирус жұқтырған және оқшаулау режимін бұзған. Бұл туралы Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингі барысында айтты.