Алматыда ең жасыл аулалар Қала күні таңдалды. Белсенділердің күш-жігерінің арқасында жергілікті жерлер жасыл, жылы және жайлы көрінеді. Алматы қаласының Жасыл экономика басқармасының басшысы Әли Райымбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингі барысында көгалдандыру байқауының қалай өткені туралы айтты.

«Аула аумағын көгалдандыру - 2021» байқауы Қала күніне орайластырылған. Қатысқысы келетіндер өте көп болды - 324 өтініш келіп түсті, оның 84-і комиссия мүшелерінің дауыс берді. Әр ауланы Қоғамдық кеңес мүшелерінен, ландшафтық сәулетшілерден, қоғамдық ұйымдар басшыларынан тұратын қатал және сауатты қазылар алқасы қарады. 1-3 орын иегерлері электронды дауыс беру арқылы анықталды.

«Экология – біздің жұмысымыздың негізгі бағыты. Ауланың көгалдандырылуы экологиялық қана емес, әлеуметтік сипатқа да ие. Қала тұрғындарының идеялары соншалықты әдемі және ерекше болып шықты, жеңімпаздарды таңдау оңай болған жоқ. Тұрғындар өз аулаңызды қалай жақсы және әдемі етуге болатынын жақсы үлгіде көрсетті. Байқауға ұсынылған әр аула шын мәнінде ерекше болды. Бүгінде тұрғындар қызықты композициялар жасайды, экологиялық таза материалдарды пайдаланады, олар аулада кішкентай Швейцария құрдық деп айтуға болады», - дейді Ә. Райымбаев.

Байқау тамыз айының соңында жарияланды, өтінімдерді қабылдау 3 қыркүйекте басталды. Қоғамдық дауыс беру қорытындысы бойынша жүлде қоры 24 жеңімпаздың арасында ойнатылды: Гран-при: тауарлық –материалдарды, ауланы абаттандыруға арналған өсімдіктерді сатып алуға 5 миллион теңгеге сертификат; 8 ауданда 1 орын үшін - 1 миллион теңге; 8 ауданда 2 орын үшін - әрқайсысы 500 мың теңге; 8 ауданда 3 орын - бақша құралдары берілетін болды.

Комиссия мүшелерінің дауыс беруі кезінде жеңімпаз анықталды – Яна Чистилина, Түрксіб ауданындағы Монтажная көшесі, 15 мекенжайдағы ауланы ұсынушы.

Қүрамында «TAL» архитектуралық бюросының жетекшісі Назерке Мундаханова бар сәулетшілерді ауладағы түрлі гүдер мен өсімдіктер таңқалдырды. Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында сөйлеген сөзінде әр аулада жақсы күтілген ағаштар мен бұталар көп болғанын, тұрғындардың олардың дизайнына шығармашылықпен қарағанын айтты.

«Біз жасыл желектің жалпы жағдайын ғана емес, сонымен қатар оларды түптеу және суару жұмыстарына да назар аудардық. Мысалы, аулалардың бірінде тұрғындар өздерінің үйінде суару жүйесін ойлап тапты », - дейді Н. Мундаханова.