«Атамекен» мен TikTok Қазақстандағы шағын және орта бизнестің цифрлық мүмкіндіктерін зерттеді
28 қазан – Кәсіпкерлер күні қарсаңында Алматыда TikTok Impact Forum өтті. Форум аясында Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен TikTok платформасы қазақстандық шағын және орта бизнестің цифрлық платформаларды пайдалану тәжірибесіне арналған жаңартылған зерттеу нәтижелерін таныстырды.