Алматы қаласының жастары ҚР мемлекеттік Рәміздер күніне орай веложарыс өткізді
Бүгін түсте Алматы велошабандоздары ҚР мемлекеттік Рәміздер күніне арналған акцияны аяқтады. Отыз спортшы еліміздің туымен қаланың бас көшелерімен жүріп өтіп, "Алматы Арена" спорт кешенінде мәреге жетіп, Әнұранды орындады.