Алматыда тау туризмі үшін қауіпсіз инфрақұрылым жасалуда
Еңбек өнімділігін арттыру және экономика құрылымын өзгерту үшін Алматы әкімдігі цифрландыруды, креативті индустрияны және туризмді дамыту арқылы құрылымдық маневр жүргізуде. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында хабарлады.