Алматы тұрғындары мемлекеттік әнұранды әр жерде бір уақытта орындап, көп қабатты үйлерді жалаулармен безендірді
Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күні 4 маусымда атап өтілді. Жергілікті атқарушы органдар Алматыда өткен мерекеге тиянақты дайындалды. Бүгін аудандық Жастар ресурстық орталықтары еріктілерінің қатысуымен метрода, СОСО-да, Медеу, Шымбұлақ пен спорт алаңдарында әнұран орындалды.