Алматының мониторингтік топтары екі күнде карантин шаралардың 34 бұзушылығын анықтады
Оңтүстік астананың көңіл көтеру мекемелерінде әлі де жұмыс режимін бұзатындар бар, қонақтарды отырғызу кезінде әлеуметтік қашықтық сақталмайды, қызметкерлер бетперде тақпайды. Алматыдағы қоғамдық тамақтану орындары мен компьютерлік клубтарға жүргізілген екі күндік тексерудің қорытындысы осындай. Жиналған барлық материалдар аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімдеріне жіберілді. Барлық фактілер бойынша әкімшілік айыппұл шаралары қолданылады.