Алматыда кафе мен караокеде санитарлық нормалар әлі де сақталмай тұр
Алматының мобильді топтары күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда. 1-інен 2-ші маусымға қараған түні белгіленген шектеулерді бұзған 4 жағдай анықталды. Мониторингтік топ өкілдері "Табыс" кафесі мен "Cinema Оскар" караокесінде орын алған бұзушылықтар туралы айтты.