Бүгінде Алматыдағы Телемедицина орталығындағы дәрігерлері 3527 науқасты және стационар шыққан 49 пациентті бақылауда.
Күн сайын 2500-3000 кіріс және шығыс қоңырау байланыстары қаралуда.
Қазіргі кезде Орталықпен 52 158 кіріс және 472 043 шығыс қоңырауға қызмет көрсетілді.
Телемедицина орталығы (бұдан әрі - ТМО) үйде ем қабылдап жатқан COVID-19-бен ауратын пациенттерге көмек көрсету мақсатында 2020 жылғы қыркүйек айында ашылған болатын. Орталық COVID-19 бен ауратын пациенттерге, сондай-ақ, қауіп тобына кіретіндермен қашықтан бақылау мен консультация жүргізеді.
«Біз МСАК ұйымдарының мамандарымен жүргізілген офлайн кеңестен соң ТМО мамандары онлайн түрінде кеңес береді және үй карантиніндегі COVID-19-бен ауратын пациенттер бойынша мониторинг жүргіземіз. Емделуге жатқызуға көрсеткіштер болған кезде ТМО мобильдік бригада немесе жедел жәрдем шақырады. Пациенттерді тиісті медициналық көмек көрсету үшін стационарларға жібереміз” - деді ТМО басшының м.а. Жұлдыз Бауыржанқызы.
Сонымен қатар, Алматы қаласының тұрғындарынан COVID-19 ауруына шалдыққандарға медициналық көмек көрсету мәселесі жөніндегі кіріс қоңыраулар түскен кезде, мамандар активті қабылдап, тұрғынның тұратын аумақтылығы бойынша қала тұрғынына медициналық көмек көрсету үшін емханаға жібереді, сондай-ақ, вакцинация мәселесі бойынша кеңес береді.
Телемедицина орталығына тәулік бойына мына телефонмен хабарласуға болады: 8 (727) 300 505, ұялы телефоннан қысқа 13 12 номері арқылы.