«Ғалам аруы – 2026» байқауындағы Қазақстанның ұлттық образы туралы не белгілі?
Бүгін Алматыда «Қазақстан аруы – 2025» атағының иегері Алина Ридің «Ғалам аруы – 2026» халықаралық сұлулық байқауына қатысуына арналған баспасөз конференциясы өтті. Пуэрто-Рикода өтетін байқау қарсаңында Қазақстан атынан қатысатын арудың дайындығы, әлеуметтік бастамалары және ұлттық киімінің тұжырымдамасы таныстырылды.