Қазақстандық шахматшылар кадеттер арасындағы 2025 жылғы Әлем кубогында екі медаль жеңіп алды
Грузияның Батуми қаласында 8, 10 және 12 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында FIDE ұйымдастырған шахматтан Әлем кубогы өз мәресіне жетті. Қазақстан атынан қатысқан жас шахматшылар тамаша нәтиже көрсетіп, ел қоржынына бір алтын және бір қола медаль салды, деп хабарлайды Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі.