Сарапшы: Туберкулезден ешкім сақтандырылмаған
Әлемнің көптеген елдерінде туберкулез, әсіресе, көптеген дәріге төзімді туберкулез қауіпті ауру болып қала береді. Ешкім аурудан, оның ішінде өмір сүру стандарттары жоғары және сапалы медицинасы бар гүлденген мемлекеттердің тұрғындары да сақтандырылмаған. Бұл туралы ӨКҚ брифингі барысында «Туберкулез» компоненті бойынша Жаһандық қор жобасын іске асыру тобының менеджері Шахимурат Исмаилов мәлімдеді.