Қазақстанның бірқатар өңірлерін су басып, тасқын жүруіне байланысты «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ 2024 жылғы 17-19 мамыр күндеріне жоспарланған қазақстандық өндірушілердің VIII «Ұлттық өнім» көрмесін өткізбеуге шешім қабылдағаны туралы хабарлайды.
«Даму» Қоры — Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қолдау бағдарламаларының операторы. Бұл көрме қазақстандық өндірушілердің тауарларын насихаттау құралының бірі еді. Дегенмен, қазіргі жағдайда зардап шеккен аудандардағы кәсіпкерлерге қосымша қолдау көрсету жөн деген тоқтамға келді.
Көрменің барлық қатысушылары мен қонақтарынан қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытып, қолдайды деп үміттенеміз.