«Алматы - біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта студенттік флешмоб өтті.
300-ге жуық студент Мәңгілік алау алдындағы алаңға шығып, осы бастаманы жүзеге асырудың маңызын атады. Мұндай іс-шараларды өткізу адамдардың қоршаған ортаға деген қамқорлығын арттырады, табиғатқа аялауға шақырады.
Флешмоб соңында студенттер саябақ аумағын қоқыстан тазартты.
Естеріңізге сала кетейік, 8 сәуірде «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны басталды. Әрбір тұрғын қаланы дамыту мен көркейтуге үлес қоса алады.
Толық ақпарат almaty.kz сайты мен Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында жарияланады. Сондай-ақ, қаладағы баннер, плакат және афишалардағы арнайы QR-код арқылы веб-сайтқа кіруге болады.
Фото: Яндекс Карты