2021 жылы 23 маусымда Алматы музейінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, сондай-ақ Ұлттық домбыра күніне арналған «Шеберлер ауылы» Алматы музейінде» атты сәндік-қолданбалы өнер көрмесі өтеді.

1980 жылы Алматы қаласында, Қазақ ССР үкіметінің қаулысымен Республикалық халық саз аспаптар музейі құрылды. Музей құрудың негізгі мақсаты, ұмыт болған музыкалық аспаптарды, дәстүрлі қолөнер бұйымдарын, қазақ үй жабдықтарын жасап насихаттау міндеттерін қолға алды. Соған байланысты қолөнер шеберлерін бір жерге ұйымдастырып, жұмыс жасау мақсатында 1988 жылы «МИРАС» атты ұйым құрып, қолөнер шеберлерінің басын қосып, ұмыт болған ұлттық бұйымдарды шығару көзделді. 1989 жылы Алматы қаласының атқару комитетінің шешімімен ұйым тіркеліп, басшылары болып ұйымдастырған, қазақтың біртуар азаматтары мықты шебер-ұсталар Тілеуханов Қалмаған мен Шоқпаров Дәркембай жас шеберлердің шыңдалуына еңбек сіңірді. Бастапқыда шеберхана-дүкен «Астана алаңында» болса, соңынан тау бөктеріне көшіп «Шеберлер ауылы» деген атқа ие болды. Бұл жерде шеберлер музыкалық аспаптардың түрлерін: домбыра, адырна, жетіген, нар қобыз, даңғыра, шыңдауыл, асатаяқ, дулыға, саз сырнай, бұғышақ түрлерін Д. Шоқпаровтың басшылығымен жасап фольклорлық ансамбльдерді қамтыды. Ал Қ. Тілеухановтың басшылығымен темір бұйымдары, зергерлік бұйымдар қазақ үй жабдықтары жасалды. Туристер, қала қонақтары осы ауылға барып ұлттық бұйымдардың жасалу тәсілдерін көру, үйрену мүмкіндігіне ие болды. Шеберлер ауылынан белгілі шеберлердің басын қосып, ұмыт болып бара жатқан, тұрмыстық зат бұйымдарын қалпына келтіру, оларды дамыту жұмыстарын жүргізді. Қазақ шеберлерінің жасаған бұйымдары, ұлттық болмыс, ұлттық қор, ұлттық мақтаныш.

Тарихы терең қазақтың дәстүрлі қолөнері көрмесін тамашалауға шақырамыз!

Өтетін уақыты: 23 маусым 2021 жыл, сағат 15:00
Мекен-жай: Қабанбай батыр көшесі, 132