Бірден-бір әдеби сыйлықақы Қазақстанда құрылды. Оның жеңімпазы айына 500 доллар көлемінде өмірлік ай сайынғы рента (зейнетақы) алып отырады.
21 желтоқсан 2021 жылы MECENAT.KZ сайтында Қазақстан туралы үздік романы үшін жаңа жыл сайынғы әдеби сыйлықақыға жұмыстарды жинау басталды. Әр жылдың жеңімпаздары жеке шотына теңгемен есептеуімен айына 500 АҚШ доллары көлемінде өмірлік рента (зейнетақы) алады. Бұл сыйлықақы марапат көлемі бойынша әлемдегі бесінші сыйлықақы болады.
Сыйлықақы қағидалары:
- саяси емес, азаматтық сипатта
- мемлекеттік бюджетке тәуелді емес. Ұйымдастырушылар орталық мемлекеттік органдардан ақпараттық қолдауды ғана сұрайды
- қазақстандық патриотизм және барша қазақстандықтарды Отанымыздың айналасына біріктіру
- алдын ала електен өткізуде өте жоғары стандарттар - оқырмандар нағыз романдардың бірін таңдауы керек
- мүдделердің жасырын және ашық қақтығысының көзі ретінде қазылар алқасын алып тастау
- плагиатпен мүлдем келіспеушілік
- әдеби қазақ тілі мен әдеби орыс тілін дамыт. Жеңіске жеткен туындыны жоғары білікті әдеби аудармашы дереу аударады немедленно
- жеңімпаздарға да, оқырмандар дауысын көп жинаған көшбасшыларға баспаларды тарту. Соған қарамастан, жүлде біреу-ақ. Уақыт өте келе, тек арнайы коммерциялық емес сыйлықтар пайда болуы мүмкін - мысалы, үлкен маңызы бар белгілі бір тақырыпты қамтығаны үшін
- бұл жыл сайынғы жоба. Ұйымдастырушылар әдебиет кеңістігінде мәртебелі болатын, үнемі жұмыс істейтін жоба жасағысы келеді.
Байқаудың жаңашылдығы – роман сюжеті Қазақстан жайында болуы және 1900 жылдан бастап, қазіргі уақытты қамтитын кезеңде болуы керек (осы кезеңдегі кез келген ұзындықтағы уақыт кесіндісі). MECENAT.KZ сайтында тіркелген Қазақстан азаматтары ғана қатысып, дауыс бере алады. Жеңімпаз автордың мәтіні орыс тіліне (егер бастапқыда роман қазақ тілінде жазылса) немесе қазақ тіліне (егер бастапқыда роман орыс тілінде жазылса) аударылады. Ұйымдастырушылар, меценат және олардың отбасы мүшелері байқауға қатыстырылмайды. Бірінші орын ғана марапатталады.
Сыйлықақының бірден-бір форматы меценат тұлғасы мен өнер саласындағы адамдар арасындағы мүддесіз ынтымақтастықтың жалғыз табысты тарихи мысалдарына негізделген. Ол – есімі тұрақты есімге айналған, Горацийге, Вергилийге және Овидийге, Мольерге, Корнельге, Расинге өмір бойы қолдау көрсеткен XIV Людовик патша кезіндегі «Патша зейнетақысын» тағайындаған Гай Меценаттың өзі.
Сыйлықақыны жасаушы Ерлан Асқарбеков журналистерге былай деді:
“Мақсатқа жету үшін керегі — Қазақстанның бұрыш-бұрышындағы әлеуетті авторлар байқау туралы білу үшін жарнаманы барынша жариялай беру. Содан соң оқырмандардың объективті дауыс беруі. Соңында, әрине, жазушыға шығармашылық жұмыс үшін еркіндік беретін тартымды сыйлықақы. 19 жасында өзінің алғашқы мықты «Еңлік-Кебек» шығармасын жазған Мұхтар Әуезовтің мысалдарынан шабыт алған жас автордың Сыйлықақыны алған соң тағы да 60 жыл өмір сүрсе, ол 360 мың доллар алатынын елестетіп көріңізші — бұл автоматты түрде марапат көлемі бойынша әлемдегі бесінші сыйлықақы болады.
Біз барлық БАҚ мен блогерлерге өте маңызды өтініш айтамыз – байқау сайтына сілтеме көрсетілген баннерді өздеріңіздің ресурстарыңызда орналастырыңыздаршы. Нағыз данышпандар өмірде бар, олар аймақтардың бірінде тұрып жатыр. Баннерлер біздің сайттың «Баспасөз орталығы» бөлімінде әртүрлі өлшемде салынған.
Сондай-ақ біз барлық қазақстандықтарды тамаша көркем роман жазу қабілеті бар деген достарына және туыстарына mecenat.kz сілтемесін таратуын өтінеміз”.
Жобаға меценаттық көмек көрсеткен танымал қазақстандық кәсіпкер былай дейді:
“Қазақстандықтардың шығармашылық әлеуеті өте үлкен.
Байқау алғашқы 500 романды жинаған кезде мен міндетті түрде баспасөз өкілдерімен кездесемін. Қазір мен БАҚ-ты негізгі нәрседен тапсырыс саны мен сапасынан көңілін алаңдатпау үшін мен өзіме көпшіліктің назарын аударғым келмейді”.
Бұл жобаның идеясы 2003 жылы туындады. Сонымен қатар жобаға ҚР Жазушылар Одағы басқармасының жауапты хатшысы етіп ҚР еңбегі сіңген қайраткері Бақытжан Қанапиянов пен ақын және редактор Павел Банниковты қабылдады. Жұмыс барысында олар әлеуетті авторлар үшін Қазақстанның болашақтағы қазақтілді және орыстілді әдебиетіне, оның тарихы мен дамуына арнайы мәтін әзірледі. Негізінде 20-21 ғасырдағы біздің ірі проза тарихы бойынша жаңа кітап жөнінде айтуға болады.
Бірнеше құрметті әдебиет пен мәдениет қайраткерлері сыйлықақы идеясына қолдау көрсетіп, журналистерге олардың бейнежазбалары көрсетілді:
- Бақыт Кенжеев
- Ақберен Елгезек
- Бақыт Беделхан
- Смағұл Елубай
- Есей Жеңісұлы
Ұйымдастырушылар Қазақстанның да, шетелдің де ең ірі мәдениет пен әдебиет қайраткерлерінің осындай бейнежазбаларын үнемі жинап отырады.
Жеңімпаз ұйымдастырушылардан басты марапатына қосымша баспамен және кинопродюссерлермен келіссөз жүргізуге дайын болуы үшін авторлық құқық пен әдебиет агенттері бойынша мамандардан тегін шеберлік сабағын алады. Содан соң ұйымдастырушылар жабық форматта автордың баспамен және кинопродюссерлермен таныстығын ұйымдастырады.
Ұйымдастырушылардың өз алдына қойған ең бірінші мақсаты – байқау туралы жан-жақтан ақпарат бере отырып, әлеуетті авторларды барынша көбірек тарту. Ол үшін олар плакаттар шығарып, барлық елдегі мәдениет ұйымдарында – кітапханада, мұражайда, театрда таратуда. Байқау туралы ақпарат ең алдымен тікелей жазушыларға, яғни Жазушылар Одағының, ПЕН-клубтың, Drama.kz барлық мүшелеріне, «Қазақфильм» сценаристеріне, түрлі әдеби үйірмелерге және Қазақстанның әр аумағындағы бірлестіктерге таратылды. Қазақстанда бәріне танымал «Егемен Қазақстан» мен «Казахстанская правда» газеттерінде, шалғай ауылдарға жеткізілетін баспа басылымдарында 1 ай жарнама шығып тұрады. Сонымен қатар байқау туралы жарнаманы ілгерілетудің жаңаша құралдары да қолданылады. Ұйымдастырушылар байқаудың ережелеріне сәйкес келетін тапсырыстарды барынша көбірек жинағысы келеді. Өтініштер неғұрлым көбірек қабылданса, соғұрлым дарындыларды анықтау мүмкіндігі ауқымды болмақ.
Байқау туралы ережені, ондаған сұраққа жауапты, спикерлердің өмірбаяндарын, сурет пен бейнежазбаны сыйлықақының сайтынан табуға болады.
Жобаның хронологиясы
2003 ж. – жоба идеясы
2003, 2006, 2009, 2011, 2014, 2017 – түрлі ірі кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізу
2021 ж. тамызында – команда құрылып, жоба бойынша жұмыстар басталды
2021 ж. 8 желтоқсан – жобаның ресми түрде басталуы
10 сәуірге дейін 150 күн бойы mecenat.kz сайтында авторлардың туындыларымен бірге өтініштерді қабылдау жүреді. Туындыларды қатысушылар бір файлмен Microsoft Word форматында серверге жүктейді. Байқау қатысушысы өтінішінің дұрыс ресімделуіне, интернет жылдамдығына, компьютерінің болуына, бағдарламалық жасақтаманы қолдана білуіне өзі жауапты.
10 сәуірде жұмысқа ридерлер кіріседі – оқу және Байқау туралы ережені сақтамаған өтініштерді алдын ала іріктеу.
15-20 сәуірде ридерлер мақұлдаған барлық авторлардың жұмыстары Оқырмандар дауыс беру үшін көпшілікке таныстырылып, mecenat.kz сайтында жарияланады.
Оқырмандар 1 рет қана дауыс бере алады. Сайтқа тіркелген, SMS-хабарлама көмегімен қазақстандық азаматтығын растаған пайдаланушылардың ғана дауыс беру мүмкіндігі бар.
17-20 мамыр – жеңімпазды жариялау.
- Меценатқа тиесілі компания байқауда жеімпаз атанған жазушымен өмірлік рента келісім-шартын жасайды.
- Жеңімпазды марапаттау.
- Жеңімпаз үшін авторлық құқық бойынша шеберлік сабақтарын ұйымдастыру.
- Жеңімпазды әлеуетті баспалармен және кинопродюссерлермен таныстыру.
Алғыс
Ұйымдастырушылар қолдау көрсеткен немесе жобаға қатысқан келесі адамдарға алғысын білдіреді:
- Арманжан Мерекеевич Байтасовқа
- PR-мамандар – Елена Проценкоға, Әйгерім Ағылтаеваға, Далида Накуповаға, Арнай Искаковаға
- Дизайнерлер – Тимур Актаевқа, Дастан Абилевке, Шамиль Ибраевқа
- «Жібек жолы» баспа үйінің қызметкерлеріне, Zerek аударма фирмасына, 8&8 типографиясына, бағдарламашылар тобына, заңгерлер тобына