2022 жылдың 4 наурызында, 16.00-де Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде Қазақстанның белгілі суретшісі, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Көркемсурет академиясының академигі Ахмет Ахаттың «Танылған дүниеден тысқары. Белгілі туралы беймәлім» атты жеке көрмесінің ашылуы болады.
Көрме 1970 жылдан бүгінгі күнге дейінгі кезеңдегі 60-тан астам графикалық туындыларды ұсынады. Экспозицияда автордың графикаларымен қатар керамикалық жұмыстары да қойылған. Ахмет Ахат литография, гравюра, офорт, монопринт секілді әр түрлі графика тәсілдерін шебер меңгерген. Суретшінің негізгі тақырыбы – бұл көне Шығыс тарихы, ұйғыр халқының аңызы мен әфсаналары, замандастарының өмірі мен тағдыры. Оның шығармаларында өткен шақ пен бүгінгі күн терең философиялық толғаудан өтіп, заманалардың үзілмеген жалғастығын, адам баласының жер бетіндегі орны мен мақсатын анықтайды.
Ахмет Ахат 1954 жылы Құлжада (ҚХР) дүниеге келді. 1974 жылы Алматының Абай атындағы педагогикалық институтының көркемсурет факультетін бітірді. 1988 жылдан ҚР Суретшілер одағының мүшесі. 1970 жылдан көптеген республикалық, халықаралық көрмелерге тұрақты қатысып келді. 1995 жылы оған Ташкентте өткен «АзияАрт» көрмесінің Алтын медалімен марапатталды. Ахмет Ахат ҚР Ғылым академиясы Шығыстану институтының аспирантурасын тәмамдаған. Суретші ҚР Көркемсурет академиясының академигі болып табылады. Ахмет Ахаттың көрмелері АҚШ, Қытай, Англия, Түркия, Италия елдерінде зор табыстармен өтті. Суретшінің туындылары Ә.Қастеев атындағы МӨМ-де, Қазақстан Президентінің резиденциясы «Ақ-Ордада» (Нұр-Сұлтан), Мемлекеттік Шығыс музейінде (Мәскеу), жақын және алыс шетелдердегі жеке жинақтаушылардың қолында.
Көрмеде 1980 жылдардың басындағы «Темекіөсірушілер», «Жер мен Ғарыш», «Басқыншылық», «Ғалымдар» атты циклді жұмыстары қойылған. Бұларда метафора мен аллегорияға, күрделі композициялық құрылымдар- мен жаңа индустриалды дәуірдің ғаламдық жоспарларына қаныққан сол жылдардың кеңестік өнерге тән стилистикасы көрінеді.1980 жылдарда Шығыс аңыздары мен әфсаналарының ізімен шығыс ақындарының эпикалық поэмаларындағы нәзік эмоционалдық көңіл-күйді бере білген. Шығыс тақырыбы 1990-2000 жылдардағы графикалық туындыларында жалғасын тапты. Ахмет Ахат жартастардағы көне суреттерді негізгі бейнелі элементтер ретінде ала отырып, жаңа монопринттік топтамаларын жасауға кіріскен-ді. Ахмет Ахат Шығыс пен Батыстың классикалық мұрасының үздік үлгілерін үйлесімділікпен тоғыстыра, әртүрлі тәсіл мен стильдерді қолдана отырып, бейнелі баяндауға қол жеткізу үшін үнемі ізденіс үстіндегі талпынысы замандастарының сезім мен ойларын оятуға жарап жатқанын қалар еді.
Бұл көрме Ахмет Ахаттың белгісіздеу графикалық жұмыстарымен таныстыру арқылы көрерменге қоршаған болмыстың таныс құбылыстарындай сұлулық пен шексіз әлемнің көзге көрінбес қырлары сияқты танылған дүниенің шекарасын аттай отырып, шығармашылық дара тұлғаның «жасырын» тұстарына үңілуге бірден-бір мүмкіндік береді.
Көрме 4 сәуірге дейін жалғасады.