Алматыда Ақан Сатаевтың «Ұлы дала таңы» фильмінің тұсаукесері өтті

Режиссер Ақан Сатаев түсірген «Ұлы дала таңы» атты тарихи экшн-драмасы 12 мамырдан бастап ұлттық прокатқа шығады.

Тарихи кинотуынды Қазақ хандығында Жәнібек ханның ұлы – Қасым хан билік еткен кездері туралы баяндайды. Дәл осы жылдары Қазақ хандығы өркендеп қана қоймай, Шығыс Дешті-Қыпшақтың кең аумағына бақылау орнатылып, қазақтар дербес этникалық қауымдастық ретінде біздің аумақтан тыс жерлерге де белгілі болды. Қасым хан әдет-ғұрыптық заңдарға арқа сүйеп, тарихқа «Қасым ханның қасқа жолы» деген атпен енген өзі дайындаған конституциялық құжаттың көмегімен ел басқарды.

Фильмнің түсіру жұмыстары 2021 жылы ақпан айының соңында Алматы облысы Панфилов ауданында басталған. Кейін түсіру тобы өз жұмысын Жаркент қаласы мен Кеген ауылы маңында жалғастырды. Наурыздың ортасында түсірілімдер «Қазақфильм» киностудиясының павильондарында тұрғызылған «Сығанақ қаласы», «Бұрындық ханның тақ залы» және «Самарқанд – Шайбанның ауласы» декорацияларында жүргізілді. Жаз айларында Қапшағай қаласының маңында күрделі сахналардың бірі – Ұлытаудағы шайқас түсірілген болатын. Бұл сахнаға Nomad Stunts каскадерлер тобы арнайы тартылған. Айта кетсек, фильмнің трюктерін Жайдарбек Күнғожинов, Есболат Әбдіберік және Әділет Ақматов қойды. Сондай-ақ түсірілімдер Іле өзені бойында және «Түркістан» декорациясында жүргізілді.

Тарихи кинотуындының сценарийін белгілі кинодраматург Бекболат Шекеров, Назира Бақаева және Ақан Сатаев жазды. Сондай-ақ бұл фильмнің шығуына қоюшы суретші Қуат Тлеубаев, қоюшы операторлар Хасан және Жантай Қыдыралиевтер, екінші режиссер Жайна Әбдиева, грим бойынша суретшілер Лидия Ордынская және Ботагөз Әбдібаева, костюмдер бойынша суретші Дина Буксикова, кастинг-директор Майра Әбдиева және басқалары атсалысты.

Кең ауқымды тарихи  жобаны түсірмес бұрын режиссер Ақан Сатаев бастаған шығармашылық топ уақыттың тығыздығына қарамастан дайындық кезеңінде үлкен жұмыс атқарды. Фильмнің өндірісіне қатысқан департамент жетекшілері картинаның сценарийі жазылған күннен бастап кеңесшілерді арнайы шықарғандарын, дайындық кезеңде және түсіру барысында әр детальдерді тек мамандармен ақылдаса отырып пайдаланғандарын айтты. Фильмнің кеңесшілері: тарих ғылымдарының докторы, профессор Берекет Кәрібаев, философия және сәулет өнері докторы Алмас Ордабаев, суретші, тарих ғылымдарының кандидаты, этнограф-қару-жарақ сарапшысы Қалиолла Ахметжан, тарих ғылымдарының кандидаты, этнограф Тәттігүл Қаратаева, тарих ғылымдарының докторы, профессор Айболат Көшкімбаев. 

Дайындық кезеңі барысында фильмнің кастинг бойынша департаменті белгіленген уақытта алты мыңнан астам өтініштерді онлайн форматында қабылдап, кәсіби актерлер арасында кастинг өткізді. Нәтижесінде фильмдегі басты рөлдерге келесі актерлер бекітілді, олар:  Берік Айтжанов (ересек Қасым хан), Данияр Оразаев (жас Қасым хан), Айдос Әбдіқадыров (жас Бұрындық хан), Ерік Жолжақсынов (ересек Бұрындық хан), Нұрлан Әлімжанов (Мұхаммед Шайбани), Алтынай Нөгербек (жас Жахан Бегім), Шамшагүл Меңдиярова (қарт Жахан Бегім), Тұңғышбай Жаманқұлов (ересек Әли Рашид), Қуаныш Құдайберген (жас Әли Рашид) және т.б.  

Тарихи картинаның музыкасын белгілі композиторлар Ренат Гайсин мен Никита Карев жазды, ал компьютерлік графикамен STUDIO CUBIC компаниясы өңдеді.