2022жылғы 18 мамырдасағат 10.00-ден 24.00-ге дейін Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Халықаралық музей күні мерекесіне арналған жыл сайынғы ауқымды жоба өтеді.

Халықаралық ICOM музейлер кеңесінің тұжырымдамасына сәйкес биылғы жылғы іс-шараның тақырыбы - «Музей мәдениет орталығы: Музейлердің күші».  

2022 жыл­ «Балалар жылы»

Арнайы шақырылған қонақтар:

  • Қазақстан Республикасы Мемлекеттік «САЛТАНАТ» би ансамблі
  • Үнді классикалық би және йога орталығы, Алматы- Қазақстан
  • «Ақ-Дариға» қобызшылар ансамблі
  • Crocus Dance Studio
  • К.Байсеиітова атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық орта мамандырылған музыкалық мектебі
  • Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер колледжінің актерлық шеберлігі факультетінің студенттері
  • Шалтай Смағұлов атындағы дарынды балалар мектеп интернатының «Мұрагер» домбырашалыр ансамбілі
  • Әл-Фараби ат.Қазақ ұлттық университеті жанындағы Конфуций институты. «Қытай каллиграфиясы»
  • Қазақстан анимациялық киносының қауымдастығы ҚҚ президенті, ҚР СК және СО мүшесі Ғали Мырзашев

Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі жыл сайын 18 мамырда өткізетін «Музей түні» келушілердің назарына әртүрлі қызықты және көңілді жаңа бағдарламалармен қуанышқа бөлеп келеді. «Музей күні және түні» акциясын өткізудің мақсаты музей құндылықтарын сақтау, жастарды мәдениет пен тарихқа тарту және олардың бойындағы қарым-қабілетін ашу. Биылғы жылғы іс-шараның бағдарламасы шартты түрде екі кезеңге бөлінген: «Музей күні» және «Музей түні». Күні бойы келушілердің барлық санаты үшін музейге кіру тегін болады.

«Музей күні» (10:00-16:30) – музей экспозициясы бойынша экскурсиялық бағдарламалар, сондай-ақ, биылғы «Балалар жылы» аясындағы іс-шараға сәйкес, балалар мен жасөспірімдерге арналған интерактивті ойындар («Treasure Hunting»,  «Суретшіге хат»), шығармашылық шеберлік сабақтары жүргізіледі. Сонымен қатар, сағат 16.00-де Халықаралық музей күні мерекесіне орай, Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің Бейнелеу студиясы мен «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық музейі, «Балалар жылы» іс-шарасына байланысты өткізген пленэрлік көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.  

«Музей түні» (17:00-24:00) – «Музей түні» акциясында дәстүрлі және классикалық музыка, хореографиялық концерттік бағдарламада арнайы шақырылған қонақтар сахна алаңы мен музей залдарында өздерінің керемет бағдарламаларымен көрермендерді қарсы алады. Сондай-ақ, мерекелік бағдарлама бойынша келушілерге арнайы «қытай каллиграфиясы» және «анимация өнері» бойынша шеберлік сағат пен «Museum & Movie» жасөспірімдерге арналған интерактивті ойын жүргізіледі.

Әлемнің барлық музейлері жылына бір рет келушілер үшін өз есіктерін айқара ашады. Әлемдегі «музей түндерінің» басты ұраны көрермендер үшін ашықтық пен қол жетімділік болып табылады. Осыған орай, «Қастеев музейіндегі түн» мерекелік көркемдік-мәдени акциясының негізгі мақсаты - өнердің әр алуан түрлерін дәріптеу және қала тұрғындарын музейдің бағдарламаларына тарту.

Жоғарыда айтылып кеткен іс-шаралармен қатар, келушілерге шеберлер жәрмеңкесі, фотоаймақтар ұйымдастырылған.

2018 жылы, Халықаралық ICOM музейлер кеңесінің тұжырымдамасына сәйкес («Hyperconnected museums: new approaches, new publics/Гиперкоммуникация кезеңіндегі музей») жеткілікті оқырман жинаған #kasteyevnight хэштегі іске қосылды, бұл аудиторияның аталмыш іс-шараға деген шынайы қызығушылығын көрсетеді.