2022 ж. 1 маусымында сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейі «АЛТЫН БЕСІК» көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Көрме Халықаралық балаларды қорғау күні мен Қазақстандағы балалар жылына арналады.

 

Көрмеге 80-нен аса кескіндемелік, графикалық және мүсіндік туындылар қойылады. Экспозиция Әбілхан Қастеев атындағы ҚР МӨМ қорынан бірінші рет ешқашан да өзінің мәнін жоймайтын балалар тақырыбына байланысты қазақ, орыс және шет ел өнерінің шығармаларының басын қосады. Қылқаламдарының қуатын балаларды бейнелеуге арнаған түрлі елдердің көптеген буын суретшілерінің шығармашылығында ерекше жылы әрі жүрекжарды сезімдер әлемі есік ашады.

Қазақстан өнері бөлімінде балалар тақырыбына көптеген шеберлер қалам тартты. Балалар портреті жанрында А. Ғалымбаеваның «Сәуленің портреті», И. Тоқайдың «Алма», Ю. Зайцевтің «Пионер Нариман» шығармалары жазылды.

Қ. Телжановтың «Алғаш рет», Е. Горовыхтың «Қиын тапсырма», Ә. Жүсіповтің «Алғашқы оқу», М. Толоконникованың «Бала бақшадағы таң», Р. Великанованың «Табиғатпен кездесу» және т.б. картиналарда балалар өмірінен ең қарапайым әрі шынайы өмірлік жағдайлар көрініс тапқан: мектептегі сабақта тақта алдында оқушының жауап беруі, апасына кітап оқып беріп жатқан бала, саябақта жүрген қыз және т.б. Бұл көріністер баланың ішкі жай-күйін беріп, балалық қуанышы мен мұңын жайып салады.

Балалардың образы мен мінез-құлқын, ерекше ахуалды дәл тауып, мінсіз көркемдік талғаммен жазылған О. Кужеленконың «Халық шебері Есеркенова өз шәкірттерімен бірге», М. Лизогубтың «Жастық шақ», Ғ. Баяновтың «Тау. Шие гүлдеген шақ» туындыларында да балалар образына аз ден қойылмаған.

Экспозицияда Ә. Қастеевтің «Балалардың туристік жорығы. Жас натуралистер», С. Кимнің «Аю ұстаған қыз бала» шығармаларымен, «Қырық өтірік» ертегісіне жазған С. Романовтың «Бала ханған өтірік әңгіме айтуда», «Бала хан алдында» иллюстрацияларымен түпнұсқа графика жайғасқан. Баспа графиканы Е. Сидоркиннің «Өзбек қызы», Б. Табылдиевтің «Балалық шағы» және т.б. туындылар таныстырады. Бұл барлық графикалық парақтар тыныштыққа, алаңсыз жай-күй мен махаббатқа, балаларын сүйетін ата-аналарының қамқорлығы мен қорғауына толы.

Кім де болса сүйіп қарайтін мультфильмдер мен тетр және кино қойылымдарындағы балалар тақырыбы, әсіресе Ж. Дәненовтің «Қожанасыр – құрылысшы» мультфильміне жасаған «Анасы балаларымен арбада отыр», А. Ненашевтің И. Морозовтың «Айболит» балетіне жасаған костюмдердің эскиздерінде қызықты етіп ашылған. З. Береговаяның «Кітап оқу үстінде», А. Есенбаевтің «Балалар», Н. Журавлевтің «Сырғанақта» атты мүсіндік туындылары да көзге түседі.

Экспозицияның екінші бөлімі шет ел өнері қорынан алынған шығармалармен таныстырады. Мұнда Ресей, Латвия, Литва, Батыс Еуропа елдері суретшілерінің жұмыстарын тамашалауға болады.

Көрмеде ХІХ ғасырдағы орыс өнерінің кескіндемесін И. Макаровтың «Балалары Шарлоттамен және Екатеринамен отырған Шарлотта Христиановна Венцельдің портреті», А. Венециановтың «Саша Панаевтың портреті», И. Творожниковтің «Вася Ефремовтің портреті», А. Степановтың «Қоян ұстаған қыз бала», С. Зарянконың «Ваня Лазаревтің портреті» және т.б. туындылар орын алған.

С. Зарянко А.Г. Венециановтың шәкірті болатын, ол бүкіл бойындағы дарынын бір ғана портрет жанрына берді. «Ваня Лазаревтің портреті» оның ата-анасының тапсырымен жасалды, өйткені ол императорлық отбасының өте танымал суретшісі болды. Зарянконың портреттері ерекше мұқияттылығымен өзіне тартты.

ХХ ғасырдың графикалық өнерінде жаңа сапа – ерекше образ, тұлғалық бастау пайда болды. Бұл қазіргі адамның өміріндегі рухани процестерді жан-жақты терең талдауға деген ұмтылыстан туындады. Кеңестік көрнекті графиктердің бірі, балалар кітабының суретшісі Алексей Пахомовтың «Мектепте» және «Қараторғайдың ұялары» атты графикалық парақтары осының мысалы.  Ол бала психологиясын терең түсінеді. Натурадан нобайларын жасай отырып, суреттерінде балалардың пластикалық қызықты кейіптері мен қимылдарын дәл аңғарып, оларды жиі бейнеледі. Суретшінің үздік графикалық туындыларының балаларға арналғаны даусыз. Экспозицияның графикалық бөлігін Р. Гибавичюстің «Ана», К. Калинычевтің  «Ескі саяжолда», М. Фейгиннің «Қызық кітап», К. Мамоновтың «Бақбақ терген бала» жұмыстары  алған.

Кескіндемелік, графикалық жұмыстарда балалардың көңілді ойындар сәті, кішкентай кейіпкерлердің қатынасы сияқты балалықтың түрлі кезеңдері көрініс тапқан. Кейбір шығармаларда кейбіреулердің кітап оқып отырғанын немесе спортпен беріле айналысып жақтанын байқауға болады.

Балалардың қайталанбас, шат көңілді және ойлы жүздері жүректі толқытып, «Балалық шақ» қаласына барып қайтуға деген шексіз ықыласқа толтырады.

Халықаралық балаларды қорғау күні жыл сайын әлемнің 30 елінде аталып өтеді. Оны өткізу туралы шешім 1925 жылы Женевада балалар игілігі мәселелеріне арналған Дүниежүзілік конференцияда қабылданды.