2022 жылдың 9 маусым күні 18:30-да Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында WHOMYN – ‘STYQ Fest аясындағы заманауи қазақстандық өнер көрмесінің ашылуы өтеді.

Жобаның атауы – ағылшын мен қазақ тілдерінің мультимәдениетті ойыны. Мен кіммін? Біз кімбіз? – мұндай бір қарағанда жай сұрақтарға жауап табу, кейде оңай емес. Тіпті, біздің жауаптарымыз өзгеріп те отырады. Жаңа көрмеге келген көрермен жас қазақстандық суретшілердің ойларына куә бола алады. Сонымен қатар, осы ойлардың қалыптасуына қатыса алады. Бұл жоба сырттан бақылаушыға емес, қатысушы көрерменге арналған.

Жоба авторлары: Дана Искакова, Жанель Шахан, Интизор Отаниёзова, Карина Иванова, Леонид Хан, Мадина Сағат, Nuasi (Асия Нуали), Перизат Сулейман, Ыкылас Шайхиев

Көрме 2022 жылдың 29 маусымына дейін жалғасады.

Орталық көрме залының мекен-жайы: Желтоқсан, 137

Кураторы: Оля Веселова