2022 жылы 7 қыркүйекте сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде ҚР Еңбек сіңірген қайраткері және Татарстанның Халық суретшісі, Қазақстан және Татарстан Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты КӘМІЛ МУЛЛАШЕВТЫҢ «Уақыт үні» атты жеке көрмесі ашылады.
Кәміл Муллашев Қазақстанда және шетелде белгілі әрі танымал суретші. Оның шығармашылығы Қазақстанның өнер тарихында көрнекті орын алған. Ол талантты суретші, дүниетанымы терең шебер, әйгілі және сұранысқа ие. Муллашевтың үлкен шынайы суретші ретінде шығармашылығы жан-жақты және сан-қырлы.
Көрме «Уақыт үні» деп аталады және бұл суретші шығармашылығы үшін маңызды символ болып табылады. Уақыт – суретші шығармашылығының негізгі сөзі. Өйткені, Кәміл Муллашевтың есімін 1978 жылы Третьяков галереясымен сатып алынған «Жер және уақыт. Қазақстан» үштігі танымал қылған. Үштіктің алғашқы нұсқасы Ә. Қастеев ат. Мемлекеттік өнер музейінде темперамен орындалған болатын. Содан бері, кейде өз жұмыстарының стилі мен тақырыбын өзгерте отырып, ол өзінің жұмысына қайта-қайта назар аударады.
Көрмеде оның әр кезеңдегі туындылары ұсынылған, бірақ соңғы 5-6 жылдағы жұмыстары маңыздырақ. Шебердің өнер эволюциясының негізгі кезеңдерін анықтауда, оның жеке көрмесі үлкен маңызға ие екендігін айта кету керек. Ол әртүрлі елдерде, ірі музейлерде, жеке галереяларда тізімі өте әсерлі көптеген көрмелердің қатысушысы, тек жеке көрмесінің саны – 26. Жеке көрмелер біздің заманымыздың бейнелеу өнерін, Тәуелсіздік кезеңін түсіну үшін де маңызды, оны көркем көрмелердің тарихы арқылы да қарастыруға болады.
Оның шығармаларының идеялары мен бейнелері, мейлі ол бұрынғы жылдардағы немесе осы көрмеде ұсынылған туындылар болсын, әрқашан өз заманының көркемдік процестерімен байланысты болды. Суретші жұмыстарының бүгінгі күнге дейін сақталған маңызды қасиеттерінің бірі – уақытты сезіну және түсіну қабілеті. Мұнда да ол туралы автордың көбірек ойлайтынын атап өтуге болады – Уақыт жаршысы. 2022; (үштік) Уақыт үніне құлақ түр 2022, Уақыт аралығында самғау 2017 және т.б.
Бүкіл адамзатқа әсер еткен соңғы тақырыптардың бірі – Covid-19, суретшіні де алаңдатады. «Covid-19» 2021, «Өмір үшін күрес» 2021, «Сау бол» 2021 – қатерлі ноталарға қарамастан, суреттер сәндік мәнермен жасалған.
Муллашев – өз жұмысында маңызды міндеттер қоятын қазіргі заманғы шеберлердің бірі. Оның суреттері – адам өмірінің құндылықтары, руханият туралы. Суретші көтерген және дамытқан мәселелер бай түстер мен сәнділікті, монументалдылықты қажет етеді.
К. Муллашевтың стилі таза реалистіктен сәндік-дерексіз және мағынасыз формаларға дейін өзгеруі мүмкін, бірақ кез-келген шығармаларда «Муллашевтың» креативтік бастамасы әрқашан болады.
Көрме қазан айының 7-не дейін жалғасады.
К. Муллашевтың өмірбаяны
Муллашев Кәміл Валиахмедұлы (27. 10. 1944) Үрімші қаласында (ҚХР) дүниеге келді. Н. В. Гоголь Алматы көркемсурет училищесін (1967) және В.И. Суриков ат. Мәскеу мемлекеттік өнер институтын, КСРО Халық суретшісі Т. Салаховтың шеберханасын (1978) бітірген. 1996 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», 2003 жылы «Татарстан Республикасының Халық суретшісі» атағын алды. Ғабдолла Тоқай ат. Татарстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Ресей көркемөнер Академиясының Құрметті академигі, Қытай жоғары оқу орындарының құрметті профессоры. Астана қаласы Мемлекеттік өнер университетінің профессоры.
Қазақстан Республикасының және шет елдердің марапаттары бар.
Көрме жетекшісі - Күлжазира Мұқажанов