2022 жылғы 14 қыркүйекте сағат 15:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде "Әлім Сәбитов. Суретші және мұғалім" кітабының тұсаукесері өтеді.

Бұл кітап - Қазақстандағы дизайн мектебінің негізін қалаушылардың бірі, сәулет докторы, дизайнер, кино қоюшы суретші Әлім Сәбитовке арналады. Кітапта Әлім Равильевичтің жақындарының, достарының, әріптестерінің және студенттерінің ол туралы үлкен ризашылықпен және сүйіспеншілікпен айтқан естеліктері жинақталған.

Кітап үш тараудан тұрады:

"Қалыптасу" - Алматы сәулет - құрылыс институтындағы студент болған жылдары және Мәскеудегі аспирантура туралы.

"Кино" - кинодағы қоюшы-суретші ретіндегі жұмысы туралы. Бұл 8 толық метражды фильм және бір қысқа метражды фильм, сондай-ақ, жарнамалық роликтерден тұрады. Оның қатысуымен түсірілген фильмдер халықаралық кинофестивальдердің жүлделеріне, соның ішінде, "Киллер" фильмі үшін "Ерекше көзқарас" бағдарламасында Канның Гран-приіне ие болған.

"Дизайн факультеті" - ҚазБСҚА-дағы жұмысы туралы, онда Әлім Равильевич Қазақстандағы "Дизайн" мамандығының негізін қалаушылардың бірі болған. Оқытушы және мұғалім ретінде, ол әріптестерімен бірге жарнама дизайны, сәулет ортасы, моушн және продакш-дизайн саласындағы жоғары білікті мамандардың тұтас тобын дайындаған.

Кітап қазақстандық өнер, кино және дизайн мәселелеріне қызығушылық танытушыларға арналған.