Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі 2022 жылдың 10 қарашасында сағат 10.00-де «Балалар жылына» орай мектеп-интернаттары арасында «МУЗЕЙ КУБОГЫ» ұлттық ойындары бойынша қалалық спорттық турнир өткізеді.

Спортты дамыту және білім беру мекемелерінде ұлттық ойындарды дәріптеу мемлекеттің маңызды басым міндеттерінің бірі болып табылады. Ұлттық ойындар Қазақстанның мектеп бағдарламасына енгізілуде, онда дене шынықтыру сабақтарында оқушылар «қазақ күресі», «тоғызқұмалақ», «асық ату» пәндерін оқиды.

 «МУЗЕЙ КУБОГЫ» спорттық турнирі Алматы қаласы Білім басқармасы Қалалық дене шынықтыру және спорт орталығымен бірлесіп өткізіледі.

 Іс-шара бағдарламасында:

  • мектеп-интернаттарының басшыларының алғы сөзі;
  • музей залдары бойынша экскурсиялар;
  • музей кинозалында «Көшпелілер» мен «Біз осында тұрамыз» фильммдерінің көрсетілуі;
  • «асық ату», «бес асық», «тоғызқұмалақ», «арқан тарту» сияқты ұлттық ойындар түрлері бойынша жарыстар.

Жарыс қорытындысы бойынша турнир қатысушыларын марапаттау, медальдар мен дипломдар табыс етіледі.