2022 жылдың 7 желтоқсанында сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде Балалар жылының аяқталуына арналған «ҰЛЫ ДАЛА ҰРПАҚТАРЫ» республикалық фестивалі өтеді. 

Биыл Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде Балалар жылына арналған шаралар өте ауқымды және нәтижелі болды. 2022 жыл бойы жасөспірімдерге арналған бағдарламаларды, бастамалары мен идеяларын қолдау, шығармашылық және интеллектуалды дамытуға бағытталған жарқын іс-шаралар, акциялар, іс-шаралар, фестивальдар, квесттер, спартакиадалар өткізілді. Ол біздің республика балаларының түрлі салалар мен бағыттардағы үлкен жетістіктері мен көрсеткіштерін көрсетті - музыка, өнер, шығармашылық, қолөнер, спорт және т.б. Жыл үлкен нәтиже берді, ерекше қажеттіліктері бар балаларға ерекше көңіл бөлінді. Мектеп оқушылары, балалар үйлері мен мектеп-интернаттары арасында ұлттық ойындардан спорттық турнирлер «МУЗЕЙ КУБОГЫ» спартакиадасы, «ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР шеруі» республикалық фестивалі, шеберлік сабақтар, балалар халықаралық, республикалық көрмелері және т.б. ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта музейде Балалар коворкинг орталығы және «Өлкетану», «Бұлақ», «Жас экскурсия жүргізуші» үйірмелері жұмыс істейді.

2022 жылдың 7 желтоқсанында Қазақстан Республикасы орталық музейінде «Балалар жылының» жабылуына арналған фестиваль аясында келесі іс-шаралар жоспарланып отыр:

  • Балалар музыкалық ұжымдарының қатысуымен концерт – «Фиеста» шоу-балеті, № 5 оқушылар үйі, Алматы қаласы Оқушылар сарайы, К.Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық мектеп-интернаты;
  • «Ұлы дала ұрпақтары» балалар шығармашылығының республикалық көрме-байқауының ашылуы және байқау жеңімпаздарын марапаттау; Көрмеде еліміздің әртүрлі өңірлерінен (Алматы және Маңғыстау облысы, Алматы, Ақтау, Атырау, Шымкент, Петропавл, Павлодар, Тараз қалалары) іріктелген дарынды балалардың 500-ге жуық шығармашылық жұмыстары ұсынылады. Өнер туындыларының ішінде талантты балалардың (ағаш, металл, пластмасса, мата, жүн, ши және т.б.) жұмыстарында бейнеленген әртүрлі түрлер мен техникаларды, материалдарды, тақырыптар мен идеяларды көрсететін кескіндеме, графика, сәндік — қолданбалы өнер бұйымдары бар.
  • Қаланың жалпы білім беретін мектептері мен мектеп-интернаттары арасында ұлттық ойындардан «МУЗЕЙ КУБОГЫ» қалалалық спартакиадасының жеңімпаздарын марапаттау (музейден кубок ұсынылады);
  • Музейдің үздік жас экскурсия жүргізушісін марапаттау – «Жас экскурсия жүргізуші» үйірмесіне қатысушылар;
  • Мектеп оқушылары арасындағы «Менің қаламдағы музей» республикалық ғылыми жобалар байқауының қорытындысын шығару.

Бұл күні балалар Н.Сац атындағы орыс Мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының қойылымдарын («Алдар көсе» қойылымын) және қуыршақ театрын тамашалай алады. Сонымен қатар, О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінен және Алматы қаласының көркемсурет студияларынан, өнердің әртүрлі бағыттары бойынша шеберлік сабақтары ұйымдастырылады: кескіндеме, пластилинография, саз терапиясы  және т.б  

Балалар жылының аяқталуына арналған  
«ҰЛЫ ДАЛА ҰРПАҚТАРЫ»
балалар фестивалінің бағдарламасы

 

Өткізілетін күні, уақыты мен орны: 7 желтоқсан,

сағат 11.00-15.00

ҚР Мемлекеттік орталық музейі.

Мақсатты аудитория: оқушылар,шығармашылық өнер студияларының оқушылары, жастар ұйымдары

Іс-шараны безендіру:

  • музейдің 3-қабатында балалардың суреттері мен қолөнер көрмесі;
  • холды шарлармен безендіру.

Бағдарлама

Іс-шараның салтанатты ашылуы.

  • ҚР Мемлекеттік орталық музейінің директоры Харипова Рашида Ерімқызының құттықтауы.
  • Мектеп оқушылары арасындағы «Менің қаламдағы музей» республикалық ғылыми жобалар байқауының қорытындысын шығару (Балаларды құттықтау рәсімі және сертификаттар ұсынылады).

11.30. Балалар музыкалық ұжымдарының қатысуымен концерт:

  • Домбырашылар ансамблі оқушылар сарайынан
  • музыкалық номерлер № 5 оқушылар үйінен
  • «Фиеста»  балалар тобы
  • «К.Байсейітова атындағы дарынды  балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернаты».

11.40. «Ұлы дала ұрпақтары» балалар шығармашылығының республикалық көрме-байқауының ашылуы және байқау жеңімпаздарын марапаттау.

11.40-11.50. Қаланың жалпы білім беретін мектептері мен балалар үйлері, мектеп-интернаттары арасында ұлттық ойындардан «МУЗЕЙ КУБОГЫ» қалалық спартакиадасының жеңімпаздарын марапаттау. (Музейден кубок ұсынылады).

11.50 – 11.55. Музейдің үздік жас экскурсия жетекшісі» марапаттау рәсімі. ҚР МОМ дипломдарын ұсыну.

12.00.-13.00  БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚОЙЫЛЫМДАР:

  • Сац атындағы орыс Мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры  («Алдар Көсе» қойылымы)
  • Балалар қуыршақ театры (музей кинозалында)

11.30 -13.00 Шығармашылық және дамыту алаңдары:

Шеберлік-сабақтар ( 2-ші зал)

  • Балшықтан мүсіндеу бойынша шеберлік-сабақ
  • Пластилинография бойынша шеберлік-сабақ
  • «Қысқы орман» кескіндеме бойынша шеберлік-сабақ
  • «Пастел бояуы» бойынша шеберлік-сабақ
  • Тұмар дайындау бойынша шеберлік-сабақ
  • Оригами бойынша шеберлік-сабақ