2023 жылдың 3 ақпан күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі, Қазақстанның кәсіби суретшілері Гүлжамал Тагенова, Светлана Цой және Гүлшат Мадибиеваның «Көктем әуені» атты өнер туындыларынан туратын көрмесін ашады.
Бүгінгі таңда Қазақстанның заманауи суретшілері шығармашылық еркіндікке ие бола отырып, ұлттық нақышты, аңыздарды, ежелгі нанымдар мен Шығыс негіздерін көрсете отырып, сабақтастық пен өзіндік ерекшелігін сақтап қалды. Авторлар өз еңбектерінде бәрін бір бейнеде біріктіреді — этникалық, табиғи және әйелдік. Суретшілер түрлі-түсті қарама-қайшылықтармен, қиялды, тыныштықты және қоршаған әлеммен үйлесімді бірлікті жеткізетін ерекше өмірлік энергиямен толтырылған жарқын, стильдендірілген және ерекше кескіндеме суреттерін ұсынады. Біз суреттердегі нәзік салмақсыз арулардың аспанда қалықтап, гүлдерге еніп және кеңістікті сезіммен толтырып, жастық пен қуанышты, көктемді күтуімен толтыратынын байқаймыз.
Көрменің мақсаты: Алматы қаласына келушілер мен қонақтарды заманауи суретшілердің көркем және акварельдік жұмыстарымен таныстыру, олар өз шығармаларында көктемнің жарқын және әсем композицияларын бейнелейді.
Көрмеге қатысушылар:
- Гүлжамал Тагенова - педагогикалық тәжірибесі мол, белгілі қазақстандық суретші, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі. Оның жұмыстары Қазақстан музейлерінде және Германия, Италия, АҚШ, Греция, Түркия, Франция, Швейцария және т. б. жеке коллекциялары ұсынылған.
- Гүлшат Мадибиева - 2021 жылдан бастап Жапонияның Халықаралық Акварель институтының (Нигата/Жапония) толық қауымдастырылған мүшесі, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі. Шығармашылықпен айналысады, халықаралық, республикалық көрмелерге, симпозиумдардарға және ғылыми конференцияларға қатысушысы, шығармашылықтағы білімі мен дағдыларын жетілдіруде.
- Светлана Цой - 2009 жылдан бастап Халықаралық көрмелер мен пленэрлерге белсенді қатысады, шетелдік кескіндемедегі жетістіктері үшін Сеул (Оңтүстік Корея) «Азия көшбасшысы -2022» наградаларына ие, сондай-ақ ҚР Суретшілер Одағының мүшесі болып табылады.
Іс-шараға шығармашылық зиялы қауым өкілдері, өнер қайраткерлері мен кескіндеме әуесқойлары қатысады.
Кәсіби суретшілердің «Көктем әуені» көрмесінде әр түрлі техникадағы (кескіндеме, акварель) 60-тан астам жұмыстар ұсынылады.
Музей заманауи қазақстандық кескіндеме әлемін тамшалауға шақырады.
Көрме 2023 жылдың 27 ақпанына дейін жалғасын табады.