Алматы қаласы Әкімдігінің қолдауымен 27 қыркүйек күні сағат 20:00-де Қала күнін мерекелеу аясында Н. Тілендиев атындағы "Отырар Сазы" академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрі мен "iFly" этно-электрондық тобы қала тұрғындары мен қонақтарына қазақ халық аспаптарының үні мен электронды музыканы біріктіретін концерттік бағдарламасын ұсынады.

Концерт Республика Сарайының алдындағы Абай алаңда өтеді (Алматы қ., Достық даңғылы, 56, Абай көшесінің бұрышы).

OTYRAR SAZY & iFLY жобасы бағдарламасында «Бip бала», «Құсни Қорлан», «Кұстар əнi» сияқты танымал халық сүйіп тыңдайтын хиттер, сондай-ақ “Жас ұландар әні” мен “Куә бол” әндеріне жаңа электронды аранжировкалар орындалады. 

Қала қонақтары мен тұрғындары танымал орындаушылар сүйемелдеуімен күздің жылы кешінде ұмытылмас әсер сыйлайды деген сенімдеміз. Ксения Сухомазова («iFLY» тобы) және Н. Тілендиев атындағы "Отырар Сазы" АФЭО бас дирижері: Дінзухра Тілендиева өнер көрсетеді, кеш қонағы - талантты әртіс және музыкант Жәмила Серкебаева, сондай-ақ оркестр мүшесі Гаухар Жұмағұлова.

Концерттің ұзақтығы - 90 минут.

Іс-шараға кіру тегін.