2023 жылғы 13 қыркүйекте Алматы қаласының заманауи өнер картасында жаңа нүкте пайда болады. Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің ашық аспан астындағы мүсіндер паркі жаңа бірегей көркем жобамен толықтырылады.

Көрнекті мүсінші және сәулетші Сәкен Нарынов қайтыс болар алдында өзінің бірегей көркем полиптихі – «Текшенің алты күйі» атты арт-объектілерінің сериясын музейге сыйға тартқан болатын. Күрделі металл конструкцияларында адамның сезімдеріне, эмоциясы мен көңіл-күйіне қатысты үйлесімі бейнеленген, бұл серияны суретші пандемия кезінде жасап, оның шығармашылығындағы бағдарламалық туындыға айналды.

13 қыркүйекте сағат 19.00-де музейдің кіреберіс тобындағы музей-сәулет кешенінің бөлігі ретінде «Текшенің алты күйі» атты арт-объектінің тұсаукесері өтеді. Жаңа мәдени объектінің ашылуына С.Ж. Нарыновтың отбасы мүшелері, сәулет және көркемөнер саласындағы достары және әріптестері қатысады.

Сағат 19.30-да объект ресми түрде ашылғаннан кейін музейдің конференц-залында Екатерина Резникованың «Сәкен Нарынов. Уақыт пен кеңістікте» атты лекциясы өтеді.